Өмірбаян: Анвара Садыкова

Өмірбаян: Анвара Садыкова

Анвара Садықова - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, өнер шебері, педагог, хореограф, қазақ хореографиясын зерттеуші және насихаттаушы.

Оның кәсіби қызметі 2000 жылы басталды. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, А. Селезнев атындағы Алматы хореография мектебінде, Т. Жүргенов атындағы Қазқ ұлттық өнер акаемиясында, Қазақстан Республикасының Болат Аюхановтың басшылығымен мемлекеттік академиялық би театрында жұмыс істеген, 2017 жылдан бастап Астана қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Өмірбаянында түрлі жылдардағы педагогикалық, ғылыми, қойылымдық, ағартушылық және қоғамдық қызметтер біріктірілген.

Анвара Садықова өзінің шәкірттерінің өзіндік қасиеттерін аша алды, олардың көпшілігі айтулы Халықаралық хореографиялық байқаулардың лауреаттары, Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің түрлі балет сахналарында жұмыс істейді. Сондай-ақ ол Германия, Франция, Италия, Австрия, Латвия, АҚШ, Оңтүстік Африка, Жапония, Қытай, Түркия, Таиланд, Швеция, Чехия, Швейцария, Ресей, Башқұртстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстанға гастрольдік сапарда, байқаулар және халықаралық фестиваль шеңберінде ойдағыдай көрсетіліп жүрген 30 концерттік нөмірлер мен бір нео-қазақша хореографияны қоюшы. Ғылыми айналымға «нео-қазақша хореография» терминін алғаш рет Анвара Садықова енгізді. Ол ұлттық балет өнерінің мәселелері бойынша 20дан астам ғылыми мақалалардың авторы, үш монографияның бірлескен авторы, үш телевизиялық бағдарламаның, үш деректі фильмнің сценарий авторы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілген «Қазақ биі» деректі фильмінің тең режиссері.

Анвара Садықова он жылдан астам уақыттан бері мұражай ісімен айналысады. Ол қазақстан хореографиясының қалыптасуы мен даму тарихы негізінде материалдар, сурет және кино құжаттарды жинау, өңдеу, жүйелеу бойынша үлкен шығармашылық және ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыс аясында Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да қалаларындағы түрлі алаңдарда оннан астам фотокөрме ұйымдастырылды. Ол педагог, қоюшы, ғылым және қоғам қайраткері ретінде қазақ би мәдениетін насихаттау бойынша белсенді жұмыс жасауда. Халықаралық байқаулар мен фестивальдар, семинарлар аясында қазақ биі және нео-қазақша хореография бойынша мастер-класстар өткізеді, қазақ балетінің тарихы туралы дәрістер оқиды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Анвара Садыкова туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Алматы 100 жана есим тизими, Анвара Садыкова биография омирбаяны акпарат малимет, Анвара Садыкова биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2018, 100 жаңа есім тізімі Алматы, Анвара Садыкова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]