Өмірбаян: Ердос Төлегенов
Ердос Төлегенов - журналист, әлемнің бірнеше елінде жарық көретін балаларға арналған “OYLA” ғылыми журналының негізін салушы
Интернет дамығалы газет-журналдың болашағына сенбейтіндердің саны көп. Тек Ердос Төлегенов олардың қатарынан емес. Ұзақ жыл “Эксперт Қазақстан” журналында қызмет еткен ол тек Қазақстанда емес, көптеген дамыған елдерде сұранысқа ие журналдың негізін салған.
“Балаларым өскен сайын, оларға оқуға ұсынатын сапалы әрі қызықты қазақстандық басылымның жоғын түсіндім. Ал біздің бала кезімізде ондай журналдар бар еді. Айналамда да ғылымға қатты қызығатын жастар көп болатын. Сондықтан, мен біздің балаларымыз білімді, жаңалыққа құмар, мәдениетті және сыни ойлай алатын адам болып өскендерін қаладым”.
Осылайша Ердос өз командасымен бірге қазақстандық балалар арасында ғылымды насихаттауды бастап кетеді. 2015 жылы 20 мың тиражбен жарық көрген “OYLA” журналы алғашқы санымен-ақ кішкентай оқырмандарын баурап алады. Оның ерекше дизайнмен әрленген беттерінде математика мен химия, физика мен биология сияқты пәндер жеңіл тілмен түсіндірілген. Сондай-ақ, журналдың көп бөлігі өнертапқыштық пен робототехникаға арналған.
“Біздің негізгі мақсатымыз - еліміздегі адами капиталдың сапасын арттыру. Егер біздің журналдың арқасында ғылымға қызығатын 10, 30 немесе 100 кішкентай данышпан шықса, мұның өзі біз үшін үлкен нәтиже болады. Мысалы, біздің 14-15 жасар оқырмандарымыздың бірі журналдан робот туралы мақаланы оқып, қызығушылығы оянатын болса, ол 25 жасқа келгенде, елімізде бір білікті робототехник пайда болады”.
Осы жаздан бастап “OYLA” журналы “CHIP WISSEN” атауымен Германия, Австрия, Бельгия, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланд және Швейцария елдерінде жарық көреді. Бұған дейін журнал Қазақстаннан бөлек, Австралия, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Кореяда шығатын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: