Өмірбаян: Сухраб Жапаров
Сухраб Жапаров – тіс дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты
Сухраб Жапаров Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне стоматология факультетіне оқуға түскен. 1998 жылы университетті бітіріп, сол жерде балалар стоматологиясы кафедрасына 2 жылға клиникалық ординатураға түскен. 2001 жылы балалар стоматологиясы кафедрасына аспирантураға оқуға түсіп, бітірген соң кандидаттық диссертация қорғаған. Содан соң Мәскеуге докторантураға түскен.
«Менің әкем де, анам да дәрігер, сондықтан балалық шағымнан медицина, емделушілер және науқастар туралы әңгімелерді естіп өстім. Мен үнемі әдебиеттерді парақтайтынмын, әліппе орнына анатомия ақтардым, сондықтан менің дәрігер болудан басқа мақсатым болған жоқ», -дейді ол.
2004 жылы Сухраб Жапаров С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті болды. Екі жылдан соң С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар стоматологиясы кафедрасының және Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік академиясының докторанты жұмысын бастады. Бір мезгілде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Стратегиялық даму басқармасының басшысы болып жұмыс істеген. Әр жылдарда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар клиникасының емдеу ісі жөніндегі директорының орынбасары, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Стоматология институтының бас дәрігері және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ біріккен университет клиникасының ішкі аурулар клиникасының ісі жөніндегі директоры болып жұмыс істеген. 20 жыл өтілі ішінде
Сухраб Жапаров 45 ғылыми еңбек пен 9 өнертабыс патентінің авторы болған.
«Менің мамандығым медицинамен байланысты, қазір Алматыда бесінші қалалық клиникалық емханада жақ-бет хирургы болып жұмыс істеймін. Менің жұмысым әлбетте оталармен, медицинамен байланысты, яғни бізге келіп түсетін түрлі жақ-бет ауытқулары бар адамдарды, балаларды емдеумен айналысамыз. Негізгі жұмысқа қоса, мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасының орынбасарымын. Ол жақта біз Қазақстанның жас ғалымдарын қолдаумен айналысамыз. Енді бастап келе жатқан жас ғалымдарға көмек көрсетумен байланысты түрлі шаралар ұйымдастырамыз», - дейді Сухраб Жапаров.
Ғылым жөніндегі кеңес 2007 ж. Мемлекет басшысы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған. Ол ашылғалы Кеңес мүшелері жүздеген ғылыми жобаларды жүзеге асырды. Солардың ең жарқындарының бірі «Burabay Forum: Қазақстан халықаралық ынтымақтастығын» Сухраб Жапаров мақтан етеді.
«Қор жанындағы біздің Ғылым жөніндегі Кеңес ұйымдастырған бұл форум заманауи ғылымды дамытуға бағытталған, ТМД кеңістігіндегі жас халымдар үшін бірегей алаң болып табылады, - дейді Сухраб Жапаров. – Біз Форумды байланыс орнату мен өзара қарым-қатынас жасауға арнадық. Себебі мұндай 100-дан аса жас ғалымдар жиналған алаңдарда кейін өз бағыттарының, ғылыми мектептерінің жетекшісі болатын зерттеушілердің болашақ байланысына, табысты жобаларына негіз қалыптасады».
Сухраб Жапаров ҚР жас медик ғалымдарын біріктіру ісіне белсенді қатысқаны үшін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының естелік белгісімен марапатталған. Сондай-ақ 2017 жылы ол жол даму картасын жобасын жасап, университет клиникаларының базасында ғылым, білім, денсаулық академиялық орталығына енгізгені үшін Ғылым саласындағы үлесі үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы сыйлығының лауреаты болған.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: