Өмірбаян: Батыржан Смақов
Батыржан Смақов – Қазақ ұлттық өнер университетінің дирижері,Қазақстандағы жалғыз контртенор опера әншісі.
1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, жастайынан музыкамен айналыса бастаған. Халықаралық байқаулардың, оның ішінде "Гран-При Санкт Петербурга” және Турин қаласында өткен “Concorso della Musica Sacra” байқауларының лауреаты. Оның кәсіби мансап жолы 2010 жылдан, Батыржан алдымен Грузияға, кейін Италияға оқуға кеткеннен басталған.
2011-2017 жылдар аралығында Озимо қаласының Халықаралық опералық ән айту академиясында, одан кейін Пезаро қаласындағы Джоакино Россини консерваториясында хор дирижері сыныбы бойынша оқыған, Италия магистратурасын қызыл дипломмен бітірген. 2016 жылы Сирия балаларына көмек ретіндегі қайырымдылық концерттері сериясынан соң «ЮНЕСКО Бейбітшілік әртісі» атағын алған.
Оқу бітірген соң елге салтанатпен оралып, Астана Операсы театрында 2 рет “Возвращение Орфея” жеке концертін берген.
Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, «Қазақконцерт» МКҰ солисі, Астана Опера театрының шақырылған солисі, ҚазҰӨУ Аралас хорының көркемдік жетекшісі мен дирижері, сондай-ақ Италиядағы “Coro lirico Perla Verde” хорының шақырылған дирижері болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Италия, Грузия, Франция, Египет, Иордания, Ресей, БАӘ, Польшада концерт береді. “Жас Дарын” (Қазақстан), “Tanysu” (Сан-Марино), “Jumeirah Sounds” (БӘА) халықаралық байқауларында әділ қазы мүшесі, шетелде қазақ музыкасын жылжыту және дәріптеумен айналысады. Оның дискографиясында төрт жеке альбомы бар

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: