Өмірбаян: Шахан Жолдасбаев
Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер
Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар. Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.
Шахан жол апатына түсіп, мойын омыртқасының сынғанда қол-аяғы сал болып қалған еді. Арбаға таңылған азамат 2 минут 23 секунд ішінде 100 метр арқамен жүзді дегенге сенесіз бе? Иә, оның өмірі құдды мотивациялық фильм сияқты.
Шахан Жолдасбаев төрт жыл бұрын «Атамекен-Startup» бизнес идеялар байқауында алғашқы 2 миллионын ұтып алып, өз құрылыс фирмасын ашқан болатын. Құрылыс саласында табысты жұмыс жасауына оның инженерлік білімі де ықпал етті. Оның «Пандус-Ок» ЖШС өндірістік және материалды-техникалық базаны дайындаумен айналысады. Осылайша 2014 жылдың маусым айынан бастап компания «Біз үшін бізсіз құрылыс салмаңыз!» ұранымен өз ісін бастап кетті. Осы жылдар аралығында «Пандус.Ок» әлеуметтік жобасы аясына жас кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 20 астам нысандар салды.
Он екі мүшесі сау адамдар көбіне ойнала бермеуі мүмкін. Бірақ зәулім ғимараттарға кіре берістердегі әдемі, биік сатылар үлкен проблема болуы мүмкін. Көптеген құрылыс ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап пандустар қарастырылмайтыны, ал салынған жағдайда нақты қажеттіліктері ескерілмейтіні рас. Кейде кіре беріс есіктің өзінен өтудің өзі мұң. Шаханның салған көтергіштері .шін мүмкіндігі шектеулі жандар, жүріс-тұрысы қиындаған қарттар, арбадағы балалары бар аналар алғыстарын жаудыруда.
- Мен бұл мәселемен кәсіпкер болғандықтан емес, осы проблеманы шешу үшін айналысамын. Шетелде жүргенде мүмкіндігі шектеулі жандардың еш шектеусіз өмір сүруіне барлық жағдай жасалғанын көрдім. 2015 жылы АҚШ елшілігіның шақыруымен «америкалық қолжетімді ортаны көрдім». Жақын араа бізде де осындай орта қалыптастыру мүмкін екеніне сенімдімін, - дейді Шахан.
Шахан Жолдасбаевтың өмірі тек мүмкіндігі шектеулі жандарды ғана емес, барлық азаматарды қанаттандырады. Бастысы еңбек, қайрат және табандылық. Төрт жыл бұрын Шахан шаңырақ көтеріп, егіз қыздардың әкесі атанды. Біз Шаханның жетістіктері осымен шектелмейтініне сенімдіміз. Себебі оның ұғымында шектеу мүлдем жоқ!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: