Өмірбаян: Ләззат Айтқожина

Өмірбаян: Ләззат Айтқожина

Дәрігерлік Алланың тарапынан берілген үлкен сый. Дәрігер болуды армандайтындар өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық.

Мамандықты меңгеру аздық етеді. Дәрігер болатын жанға ең әуелі үлкен жүрек керек, адамгершілік керек. Одан кейінгі биік ұстайтын ту – мамандығыңа деген адалдық, жаупкершілік. Дәрігер – тәулігіне 24 сағат дәрігер. Бүгін біз бір перзентке зар болып жүрген көптеген қазақстандық отбасыларға есімі жақсы таныс, жүзінен мейірім төгілген, алтын жүректі дәрігер, Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы Айтқожина Ләззат Кенжебайқызы туралы әңгімелегіміз келеді.

Ләззат Кенжейбайқызы Шығыс Қазақстан өңірінде 1980 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Семейдің медициналық университетіне (бұрын академия болған) 1997 жылы түсіп, 2004 жылы тәмамдаған. Мамандығы – емдеу ісі. 2004 жылы интернатураны аяқтады. Ләззат Кенжебайқызы тәжірибе жинау мақсатында Абай аудандық ауруханасына аттанып, алғашқы еңбек жолын кішігірім ортада бастауды жөн санады.

«Ол жерде перзентхана немесе аурухана деп бөлінбейді нағыз қайнаған ортаға түстім. Жас маман үшін тәжірибе жинақтап, теориялық білімді кәсіби тұрғыда жетілдіруге зор мүмкіншілік болды. Алайда денсаулығым сыр бергеннен кейін жұмысымды жалғастыру мүмкін болмады. Семей қаласына келіп, қызметімді гинекологиялық орталықта жалғастырдым. Кейіннен дәм тартып, Алматы қаласына қоныс аудардым. 2008 жылы Алматыға келдім. Әуелгі жұмысым шаһардың перинатальдық орталығында басталды»,- дейді кейіпкеріміз әңгімесін ары қарай сабақтап.

«Уақыт сынаптай сырғып өтіп жатты. «Осы мен медицинада не үшін жүрмін?» деген сауал іштей маза бермейтін. Адамның қалауы, ішкі құлшынысы деген бар ғой. Акушер-гинеколог ретінде жанымның қалауын дөп басатын жұмыс туралы ойланып жүрдім. Негізі репродуктология саласына қашан да бір бүйрегім бұрып тұратын. Репродуктивті медицина институтына 2013 жылы келдім. Алдымен практикадан өттім, кейін жұмысқа қабылданып, тәжірибе жинақтай бастадым. Аллаға шүкір, арманым орындалды, жүрек қалауымдағы жұмысымды зор құлшыныспен істеп жүрмін деп сеніммен айта аламын» - дейді дәрігер ханым.
Ләззат Кенжебайқызы 2012 жылдан бастап 4 жыл бойы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Дауа» бағдарламсын жүргізді. Ол уақытта ешбір арнада қазақша медицина, денсаулық тақырыбын қаузайтын ешқандай бағдарлама болған жоқ. Алғаш болып осы істі қолға алған ұжымның арасында біздің кейіпкеріміз болған еді.
Айтқожина Ләззат ханым репродуктивті медицина саласында қызмет жасайтындықтан үнемі осы саладағы қиындықтарды көзге шұқып, күрделі мәселелерді телеарналарда көтеріп, мемлекет тарапынан бөлінетін квотаның (ЭКО) санын көбейту керектігін алға тартып жүрген маман.

Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының құрылғанына биыл 21 жыл толып отыр. Қазақстанды айтпағанда Орта Азия бойынша ең үлкен әрі сапалы қызмет көрсететін орталық екенін айта кеткен абзал. Жылдан-жылға Репродуктивті медицина институтының ЭКО жолымен бала тудыру көрсеткіші жоғарылап отыр. Бұл да ең әуелі осы Ләззат Кенжебайқызы сынды білікті дәрігерлердің арқасы екенін айтып өткен жөн.
– Қандай қағидамен өмір сүресіз? Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
– Ұстанымым – өз жұмысыңа адал болу керек. Өзіңе адал болу керексің. Өмірді қиындата берудің қажеті жоқ, өмір бір-ақ рет беріледі. Әрбір сәтті бағалап, мағыналы етуге тырысу керек. Қанағат болу керек. Өмірдің әрбір сәтіне қуануға талпынамын. Көп нәрсені өткізіп жіберуге тырысамын, себебі қиялдауға уақыт жоқ, тек алға жүру керек. Бір жерде болмады ма, аттап өт те алға бас. Өмір –біреуден кек алу, біреуге қастандық жасау, біреудің жамандығын қазуға арналмаған. Айналаңды қоршағандардан тек жақсылықты көруге тырысу керек. Біреу саған жамандық жасады ма Аллаға тапсыр. Бұл да өтеді де кетеді деген ұстаныммен алға қадам басамын..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Ләззат Айтқожина туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Шығыс Қазақстан 100 жана есим тизими, Лаззат Айткожина биография омирбаяны акпарат малимет, Лаззат Айткожина биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Шығыс Қазақстан, Ләззат Айтқожина

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]