Өмірбаян: Алмат Тұрсынов

Өмірбаян: Алмат Тұрсынов

Алмат Тұрсынов - «Қарасу» АӨК» ЖШС бас директоры.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Алмат Жанәбілұлы Қарасу ауданындағы туған ауылына оралып, ауыл шаруашылығын дамытумен айналысты. Оның құрған «Қарасу» компаниясы 1999 жылы Қостанай облысында бірінші болып егістікті өңдеуге химиялық буды қолдана бастады, бұл жердің ластануын 60% дейін қысқартып, арамшөп өсімдіктерінен топырақты тазартып, жарамсыз жерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінде Қостанай облысындағы ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші болып табылатын «Қарасу» серіктестігі ай сайын Астана нарығына өз өндірісінің ірі қара мал етінің 100 тоннадан астамын жеткізеді. Болашақта компания астанада ірі қара мал еті, жартылай ет фабрикаттары мен шұжық өнімдері сияқты – өз өнімдерін өткізетін фирмалық нүктелерін құруға ниетті.

Алмат Тұрсыновтың кәсіпорны ашылғалы бері жастардың спорт және мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға назар аударылып келеді. Әлеуметтік жобаларға 1,5 млрд.теңгеден астам қаржы бөлініп, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мұғалімдерге, дәрігерлерге, спортшыларға арналған 50 тұрғын үй мен 140-тан астам пәтер салынды. Қарасу ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі және стадион, өңіртану мұражайы, мәдени-жастар орталығы, Восток ауылында мәдени-спорт кешені, Восток және Қарамырза ауылдарында екі балабақша, Қостанай қаласында «Жастар» стадионы мен түрлі-түсті субұрқақ ашылды. Ұзындығы 2,95 шақырымға жететін Қарасу өзенінің арнасына тазарту жұмыстары жүргізілді.

2006 жылы Қостанайда пайдалануға берілген «Жастар» стадионында күн сайын «Тобыл» футбол клубының 450 астам тәрбиеленушілері жаттығады. Сол секілді басқа да футбол мектептерінің оқушылары осында жаттығады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Алмат Тұрсынов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Қостанай 100 жана есим тизими, Алмат Турсынов биография омирбаяны акпарат малимет, Алмат Турсынов биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Қостанай, Алмат Тұрсынов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]