Өмірбаян: Абылайхан Асылбай
Абылайхан Асылбай - қолөнер шебері
1996 жылы Семей қаласындағы құрылыста краннан Абылайхан Асылбай есімді жұмысшы құлап кеткен екен. Көптеген жарақаттармен қатар омыртқасы зақымданған 34-жасар құрылысшы ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның енді ешқашан өз аяғын басып жүре алмайтынын айтады.
Қазір Абылайхан 53 жаста. Дәрігерлердің болжамына қарамастан мүгедектер арбасына таңылмаған. Өміріне шағым айтып, біреуді кінәлаған емес. Ол қазақ халқының көне өнерін қайта жаңғыртуда.
Дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ, кіреуке – бұл қазақ батырының жабдықтары. Осындай жабдықтар Абылайхан Асылбайдың шағын «мұражайында» көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, жеке үйдің бір бөлмесінде. Бұл бұйымдарды ол өз қолымен қарапайым қолда бар материалдардан жасап шығарады.
Жауынгерлердің сауыт-саймандарынан бөлек ол әйелдердің ұлттық әшекейлері мен тұрмыстық заттарын дайындап, кез келген темір бұйымға екінші өмір сыйлай алады. Материалдардың қатарында тіпті консерві банкілер де бар.
«Менің әкем, атам, арғы атам да осы қолөнермен айналысқан. Бұл біздің қанымызда бар, —дейді Абылайхан Асылбай. – Өкінішке орай, бұрын менде өнерге бос уақыт болмайтын. Жұмыс істедім, спортпен шұғылдандым. Сол күнге дейін… Бұл күнді қасіретті күн деп айта алмаймын. Мүмкін ол мен үшін бақытты күн де шығар. Өйткені мен ата-бабамның ісін жалғастырдым».
Абылайхан сырқатымен үш жыл бойы күреседі. Төсекке таңылған азамат жаттығуларын тоқтатқан емес. Ол аяққа қайта тұратынына сенімді еді. Сенімі орындалып, ақыры балдақпен жүретін болды. Аяғы жерге тиген сәттен бастап қолөнер ісіне бірден кірісіп кетті. Алматы қаласындағы шебер Дәркембай Шоқпаровтан тәлім алады. Ер-тұрман жасап үйренеді, терімен, ағашпен, темірмен жұмыстың қыр-сырын меңгереді.
Семейлік шебер Абылайхан Асылбайдың шығармашылығы аймақта кең танымал. Ол Қазақстан шеберлерінің арасында өткен түрлі көрмелер мен конкурстардың жеңімпазы болып табылады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: