Өмірбаян: Қанат Ислам

Өмірбаян: Қанат Ислам

Қанат Ислам ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясына қарасты Қаба ауданында дүние келген. Әкесі – Ислам, анасы – Зихат. Қанат – үйдің кенжесі.
Ол 2009 жылы Үрімші қаласындағы педагогикалық университетті спортты басқару және зерттеу мамандығы бойынша бітірген.
Қанат боксқа қалай келді?
Қанат Исламның айтуынша, Қытайда бокс 1986 жылдан бастап дами бастаған.
"Алтайдың Хаба ауданында алғаш рет Мұрат Бошайұлы деген ағамыз бокс өнерін үйренді. Туған ағам Ерлан сол бапкерден тәлім алды. Мен де Мұрат Бошайұлының шәкірті болдым. Ұстазым ағамды ауылда дайындады. Ол бокстан облыстық жарыстарға қатысып жүрді. 6-7 жастан бастап сол кісілердің қалай жаттыққанын көріп өстім. Маған оның да әсері болу керек. Спорттағы өмірім осылай басталды", - дейді ол "Батырдың көз жасы" деректі фильмінде.
Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода өткен әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанды.
"Бақытты құшақтағым келіп кетті"
Бейжің Олимпиадасында Қанаттың қазақ боксшысы Бақыт Сәрсекбаевпен жұдырықтасқысы келмеген
"Бейжіңге барған кезде екеуміз (Бақыт Сәрсекбаев – Sputnik) кездеспесек "жақсы болар еді" деп ойладым. Сөйтіп, екеуміз екі жаққа кеттік. Ең шешуші сайыста екеуміз кездесуіміз мүмкін еді. Оған дейін не болатынын бір Алла біледі. Сөйтіп, ол финалға шықты. Бірінші орынды өзім алғандай болдым. Қазақстанның әнұраны орындалып жатты, өзімді тежеп тұрдым. Көзімнен жас ағайын деп жатты, әрең тұрдым. Сол жарыстан кейін Бақытты "Жігітсің!" деп құшақтағым келіп кетті. Бұл Олимпиада да бір рет болса да қазақтың әнұраны шырқалды", - дейді боксшы.
Әке өсиеті
"Менің арғы аталарым Қазақстанға көшуді армандапты. Әкем Қазақстанға көшу туралы көп айтты. Ол маған "мешіт, медресесі бар жақтарға көшу керек" дейтін. Спорттың арқасында Қазақстанға көп келдім. Әкеме бұл жақтағы жастарды, салынып жатқан мешіттерді, қазақтардың дінге бет бұрып жатқанын айтатынмын. Әкем әңгімемді сүйсіне тыңдайтын", - дейді боксшы.
Лондон Олимпиадасына неге бармады?
Қанат Ислам Қытайда біраз жетістікке қол жеткізеді. Соған қарамастан Қазақстанға қоныс аударуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, Лондон Олимпиадасына баратын уақытта бокстан Қытай құрамасы арасында келіспеушілік туындайды.
"Қазақстанға көшуім Қытай құрамасына үлкен соққы болды. Сол жақта ел басқарып жүрген ағаларымыз алдыма келіп, "Қанат, олай істеме! Сені Қытай алақанына салып отыр. 2012 жылы бір алтын медаль ал!" деп өтініш білдірді. Олар менің кететінімді сезді. Мен "Алтын медаль қажет емес. Сіздерге Қытайдың берген атағы мүмкін керек шығар, ал маған керек емес дедім. Өзімді, ұлтымды жақсы көремін. Мен кетемін деп өз шешімімді айттым", - дейді ол.
2010 жылы Қанат Ислам Қазақстанға қоныс аударды. Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов, Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.
Қанат Ислам Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді
"Astana Arlans командасы құрылды. Мұнда баруымды Бауыржан ағам өтінді. Бақыт Сәрсекбаев екеуміз Astana Arlans-тың намысын қорғадық", - деп есіне алды спортшы.
Қазақ боксшысы бұл клубта 2012 жылға дейін өнер көрсетті. Бапкері Тұрсынғали Еділов өз шәкіртінің дарынды екенін айтады.
"Қанат – еңбекқор. Құдай берген таланты бар, табиғаты боксқа жақын. Ол – талантты, дарынды, ақылды боксшы. Бокста шахмат сияқты. Мұнда әр қадамды ойланып жасау керек", - дейді жаттықтырушы.
Жеңіліп көрмеген Qazaq
Қанат Ислам Astana Arlans комадасынан кеткен соң, кәсіпқой боксқа ауысады. Лақап аты – Qazaq. АҚШ-та Нелсон промоутерлік клубының атынан шығып, 15 жекпе-жек өткізеді. 2016 жылы ганалық Патрик Аллотейді жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBA Fedelatin және WBO Intercontinental белбеуін иеленді.
Кейін 2017 жылдың ең үздік менеджері атанған Эгис Климаспен келісімшартқа отырады. Қанат кәсіби бокста 25 кездесу өткізіп, барлығында жеңімпаз атанды.
2018 жылдың 23 маусымында Қанат Ислам рингке шығуы қажет болған. Алайда спортшы жарақат алып қалған.
"Соңғы жекпе-жекке 2 апта қалған кезде жарақат алдым. Аяғымның сіңірін шығарып алдым. АҚШ-та ота жасаттық. Сіңірдің бітуі өте көп уақыт алады екен. Дәрігерлер маған жазылу үшін уақыт қажет деді. Жалпы емделуге 7 ай уақыт кетті", - дейді боксшы "Хабар" телеарнасындағы "Таңғы хабар" бағдарламасында.
2018 жылы QAZAQ promotions промоутерлік компаниясын ашты. Оның себебін Қанат журналистерге былай түсіндірді.
"Қазақстанда бокс үйірмесіне баратын жастар өте көп. Оған әрбір облыстан 5 мыңнан астам бала барады деп алайықшы. Қазақстан біріншілігіне 200-ден астам спортшы қатысуы ықтимал. Оның 30-ы бокстан Қазақстан құрамасына кіреді. Қалғаны 4 жылға дейін бос болуы мүмкін. Бір спортшы Олимпиадаға жолдама алды дейік. Қалғандары не істеуі керек? Әуесқой бокстың биігі – Олимпиада. Оны бағындырғаннан кейін басқа жетістікке жету мүмкін емес сияқты. Сондықтан елдегі жігіттерге кәсіпқой боксты түсіндіру керек", - деп түйіндеді сөзін.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Қанат Ислам туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Қанат Ислам өмірі мен шығармашылығы, Канат Ислам биография омирбаяны акпарат малимет, Канат Ислам биография на казахском языке, Қанат Ислам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]