Өмірбаян: Сара Назарбаева Алпысқызы (1941 жылы 12 ақпан)

Өмірбаян: Сара Назарбаева Алпысқызы (1941 жылы 12 ақпан)

Сара Алпысқызы Назарбаева Үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Сара Назарбаева Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.
Бірінші ханым небәрі бес жасында анасынан айырылып, сәбидің махаббатсыз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. "Бөбек" қорының дүниеге келуіне де осы нәрсе себепші болған.
Бірінші ханым Нұрсұлтан Әбішұлымен қалай танысты?
"Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — дейді бірінші ханым.
Сара Назарбаева бұл кезде электр станциясында кезекші маман, ал президент көрікші қызметін атқарған. Бір күні өндіріс орнында апат болып, барлық жұмысшының көңіл-күйі түседі. Кезекші маман домнашылардың әрекетін бақылау үшін цехқа барады. Нұрсұлтан Әбішұлын алғаш рет осы жерде көріп, арада сезім пайда болады. 1962 жылы отбасын құрып, бір жылдан кейін Дариға есімді қыз дүниеге келеді. Бұдан кейін 1967 жылы Динара және 1980 жылы Әлия есімді қыздар туады.
Сара Алпысқызы қандай халықаралық жүлделермен марапатталды?
Ол 1992 жылы ана мен баланы қорғауға, жетім балаларды қақморлыққа алып, олардың толыққанды білім алуына жәрдемдесетін "Бөбек" қорының негізін салды. Осылайша жағдайы төмен отбасылардан шыққан немесе жетім балаларға жәрдемдесудің жаңа жүйесін қалыптастырды. Елде тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Мұнымен қатар, елде бірінші болып жетім балаларды қорғайтын заң шығару туралы бастама көтерді.
Қазақстан Республикасында қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, сапалы қызметкерлер жұмыс істейтін емханалар ашқаны үшін Сара Алпысқызы халықаралық қауымдастықтардың назарына ілігіп, олардан медаль мен жүлде алды. 1999 жылы "SOS Киндердорф" халқыаралық қорының алтын медалімен, 2002 жылы ЮНИСЕФ арнайы сыйлығымен, "Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін" Шыңғыс Айтматов атындағы алтын медальмен және бірінші дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
Бұдан өзге бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық жүлдесімен, "Құрманжан Датқа" және Unity халықаралық жүлдесімен марапатталды. Мұнымен қатар, Софи Лореннің қолынан Ресей қызыл крест қоғамы тағайындаған және өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған көпжылдық қызметі үшін берілетін "Алтын жүрек" халықаралық жүлдесін алды.
"Бала күнімде шамадан тыс жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы маған қарағанда ақылды әрі маңызды болып көрінетін. Актриса болуды армандап, "Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой" деп пайымдадым. Бақытыма орай жас келген сайын "Балақайдың" арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым.
"Актриса болмағаным рас. Бірақ өмірімді бұрмалап көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Нақтырақ айтатын болсам, адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен", — деп жазды Сара Алпысқызы "Өмір әдебі" атты кітабында.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Сара Назарбаева Алпысқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Сара Назарбаева Алпысқызы өмірі мен шығармашылығы, Сара Назарбаева Алпыскызы биография омирбаяны акпарат малимет, Сара Назарбаева Алпыскызы биография на казахском языке, Сара Назарбаева Алпысқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]