Өмірбаян: Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (1993 жылы 18 ақпан)
Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (18 ақпан 1993 жылы туған, Үшқұдық қаласы, Науаи облысы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисті ретінде танымалдылыққа ие болды. Жəне X фактор жобасының жартылай финалист сияқты т.б танымалдылығы бар.
Өмірбаяны
Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар. Отбасы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласында тұрады.
Балалық шағы
Топтағы вокалистердің бірі Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2002 жылы отбасымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Жанұясында ортаншы бала, ағасы мен қарындасы бар.
"Кейде қарындасым ренжігенде мені "Э, найнти уан!" деп атайды"
Мектеп қабырғасында Alem тілалғыш балалардың қатарында болған. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы әрдайым жақсы болатын. Әнге деген сүйіспеншілігі ерте оянған ол, мектеп ішінде, қалалық және облыстық іс-шараларда кішкентай кезінен-ақ сахналарды бағындырады. "Алғаш рет жергілікті Айгөлек байқауына Түлкібек Рысмағамбетов есімді ұстаз әкелді",- деп еске алады әртіс. Бүлдіршіндер арасындағы шығармашылықты дамыту мақсатында Қостанай әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған көптеген байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүреді. Вокалды студиялардағы тәлім алушылар болып жиі жарыстарға қатысып, жастайынан бері бәсекелестікке дайын болып өседі.
Батырхан 13 жасында алғаш рет ұшаққа отырып, басқа елдердегі сайыстарға қатыса бастайды. Шет елдегі әншілік тәжірибесі Барселона қаласында өткен 10 күндік байқаудан бастау алады. Жергілікті мәдениетті Европамен салыстыра келе, Қазақстанда балалар айтуға болатын әндердің тапшы екендігін айтты. Әр елдің балалары әр түрлі жанрдағы жан-жақты әндер орындады.
Байқаудан байқауға, елден елге өткен қызыққа толы балалық шақтың арқасында көпшілік Батырханның бойында тез тіл табыса алатын қасиеттерді байқайды. Әкесінің дәрігер мамандығына балалық қызығушылығын санамағанда, арманы әртіс жолына түсу болатын.
"Әртіс болғым келді, басқа жолдарды ойламадым"
Батырхан 11-ші сыныпты тәмамдап, Жүргенов атындағы өнер академиясын көздейді. Алайда жолы болмай, көрші Ресейге білім іздеп кетеді. Байқаулардың бірінен Челябинск Мемлекеттік Мәдениет және Өнер Академиясына грант жеңіп алып, музыка-педагогикалық факультетінің эстрадалық-джаз вокал бөліміне түседі.
Шығармашылық жолы
Оқу аяқталған соң Алматыға оралатынын біліп жүрген Батырхан, Қазақстандағы ән жобаларының кастингтерінен қалмауға тырысады. "X фактор" сайысының 2 маусымында жартылай финалға дейін жетіп, күшін тағы да 3-маусымда сынауды жөн көреді. Жобаларды ұйымдастырушы компания бір болғандықтан, Батырханды Қазақстан Дауысы атты байқауға ауыстырады.
"Басты мақсат - продюсерлердің көзіне түсу"
Жарыс барысында болашақ жұлдыз Медеу Арынбаевтың тобында өнер көрсетіп жүреді. Алайда продюсердің жоспарлары Батырханның көздеген мақсаттарымен сәйкес келмеді. Қазақстан Дауысы жобасында көптің ішінен жас талантты қазіргі продюсері Асыл Беделхан байқап, болашақта құрылмақ топтың құрамына шақырады. 2014 жылдың қаңтар айында Alem алғаш рет көзқарасын сәйкес деп тапқан болашақ продюсері Ерболат Беделханның қол астына өтеді.
"Одан кейін келген барлық ұсыныстарды қабылдамадым, өйткені олар уақытша көрінді"
K-Top Idols реалити-шоуы енді бастауын алар сәтте, Батырхан музыкалық академиядағы соңғы жылын аяқтау мақсатында оқуға кетіп қалады. Елге оралуымен, жобаның 2 жеңімпазы - топтың 2 рэпері анықталып қойған еді. Соған қарамастан, тағы бір жабық кастинг жасалып, соның нәтижесінде Alem топқа үшінші мембер болып қосылады.
Музыка
Батырхан классикалық бағытта ария және опералар орындап жүрді. Сонда да шоу бизнес оны поп саласына әкелетіндігін білді. Опералық әншіліктен попқа көшкендегі негізгі қиындық дыбыстарды жұмсағырақ айту болатын. Дегенмен, попса деген ұғымның нақты бір позициясы жоқ болғандықтан, тембральды ән жеткізуді өзгертіп тұруға тырысады. Топтағы шығарылып жатқан әндерде әрбір топ мүшесі өзіндік үлесін қосуда. Кейде партияларын әркім бөліп алып, өзіне ыңғайландырып жазып тастайтын кездер де болады.
"Ішкі дүниең қалап тұрған нәрсені жазғың келеді, әйтпесе шығармашылық күйзеліске ұшырайсың"
"Mooz" әні өмірге келгенде оның халық аузында жүретін әнге айналатындығын ешкім күтпеген. "Ән жазарда оның хит болатынын немесе болмайтынын болжап біле алмайсың" деп бөліседі әнші.
1 жыл жатқан музыкаға не туралы ән жазатындығын жігіттер ұзақ ойланған. "Әлемде бейбітшілік болғанын қалаймыз" деген серпілісті жеткізу мақсатында сөздерін 2 апта қалғанда жаза бастайды.
"Бішкекте съемкаға кетіп қалдық. Жатақханада көрпелерден күрке құрып, ішіне микрофон қойып, ән жаздық"
Дәл осылай Қазақстандағы ең әйгілі әндердің бірі пайда болды дегенге Alem-нің өзі де таңғалуда. Топ мүшелері музыкалық продюсерлерден келген биттерді тыңдап, одан әсер алады, көз алдына белгілі бір көріністерді елестетеді.
"Шабыт сезімнен шығады. Ал әннің сарыны өздігімен пайда болады"
Батырханның ойынша, халықтың жүрегіне жететін ән жазу үшін, ең алдымен, сол сәтті, сол көріністі тұла бойыңмен сезіну керек.
Білімі
Ресей Федерациясындағы Челябі қаласында Мәдениет және өнер академиясын аяқтаған, сонымен қатар музыка мектебінің домбыра классында оқыған.
Қазақстан Дауысы
Батырхан Малік Қазақстандағы ең ауқымды «Қазақстан Дауысы» республикалық деңгейдегі вокалды телевизиялық шоу жобасының 1 маусымының финалисті. Батырхан жобаның «Көрмей тыңдау» кезеңінде The Mamas & the Papas тобының репертуарындағы «Dream a Little Dream of Me» әнін орындады. Төрт тәлімгердің ішінен Медеу Арынбаев пен Алмас Кішкенбаев бұрылады, таңдау Батырханға түсіп, ол Медеу Арынбаевты таңдайды.
Қазақстандық байқаулардан өзге Барселонада (Испания), Берлинде (Германия), Ресейде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты.
Ninety One
Толық мақаласы: Ninety One
Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті. Топқа BALA-мен бірге JUZ Entertainment агенттігі жүргізген кастинг арқылы қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.
Қызықты мәліметтер
Руы: Кіші жүз, Әлімұлы, Шөмекей
Хоббиі: фильмдер көру, аниме жанрындағы туындаларды қарау (сүйікті анимесі: «Death Note»), футбол ойнау
Бойының ұзындығы: 174 см
Салмағы: 68 кг
Ермек Серкебаев, Крис Браун, Usher, Робби Уильямс, Майкл Бубле, Фрэнк Синатра сынды әншілерді сүйіп тыңдайды.
Фильмография
Жыл Атауы Кейіпкер
2017 Қағаз кеме Ерден
2017 Ninety one Батырхан
2018 91 TV Батырхан

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: