Өмірбаян: Азамат Ашмақын Қайратұлы (ACE) (1993 жылы 28 тамыз)
Азамат Қайратұлы Ашмақын ( ACE ) (28 тамыз 1993 жылы туған, Алматы, Қазақстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі ретінде танымалдылыққа ие болды.
Өмірбаяны
Азамат 1993 жылдың 28 тамызында Алматы қаласында дүниеге келді. Отбасында-анасы,әкесі жәнеде Інісі бар(Асет Ашмақын). Отбасы қазіргі таңда Алматы қаласында тұрады.
Білімі
Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығын бітірген. Қазіргі кезде аудармашы мамандығы бойынша Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 2 курс студенті. Испан және ағылшын тілдерін меңгеруде.
Балалық шағы
Топ вокалисті әрі жетекші биші Азамат Ашмақын 1993 жылдың 29 тамызында Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында дүниеге келді. Мектеп кезінде сабаққа аса көңіл бөлмеген, әрдайым ойға батып қиялдаумен жүретін.
"Бала кезімде ойым шашыраңқы еді, назарым ешқашан бір жерде шоғырланбайтын".
Қазіргі кезде де жанкүйерлер Ace-ты сұхбаттарда жиі қиялдаумен отыратынын байқайды. Өзінің айтуы бойынша, Азамат талқыланып жатқан әңгімеге байланысты басқа оқиғаларды еске алып, сол сәтті көз алдына елестете бастайды. Дегенмен, әңгіменің түйінін жоғалтып алмауға тырысады.
3-ші сыныпта Сейлор Мун мен Гриндайзер мультфильмдері, Алла Пугачеваның әндерін айтуды ұнатқан. Алайда әннен байқауларға қатысудан қатты белсенділік танытпады. Мектептегі Абай оқуларына қатысқанымен, жеңісті орындарға ілікпейтін. Орта мектепті аяқтап, 9-сыныпта немен айналысатынын Азамат әлі толықтай білмеді. Архитектор болуды көздеп, КазГАСА-ға түсуді ойланып жүреді. Бірақ кейін Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының колледжінде актерлік шеберлік мамандығына түседі. Колледж қабырғасында жүріп, вокал сабағында классикалық және қазақ халық әндерін айтып үйренеді.
Азаматтың психология, мистика және эзотерика деген қызығушылығы болған. Бірақ қазір ғаламтордағы әр түрлі мотивациялық мақалаларды оқығанды ұнатады.
"Мені кейде әлі 2015-тегі Азамат деп ойлайды. Одан бері көп нәрсе өзгерді".
Шығармашылық жолы
2012-2015 жылдары SM Entertainment атты продюсерлік агенттік аясында Корея Республикасында білім алып, практикадан өтеді. Соның арқасында корей тілін меңгере отырып, ән және би шеберлігін шынықтырады. SM Entertainment агенттігімен кездесуге Азамат анасымен барады. Болашақ жұлдыздың әке-шешесі оның таңдаған жолына араласпады, шет елге аттану мүмкіндігіне еш тосқауыл қоймады.
"Анам өз көзімен көргендіктен, еш күдіксіз "Бар, сенікі" деді"
Ace 2013 жылы елге оралып, оқуды қайта қолына алуға тырысады. Абылай хан атындағы КазУМОиМЯ университетінде испан тілін үйреніп жүреді. Европа тілдерін меңгеруді аңсайды. Алайда қазір ағылшын тілін жетік меңгерсем жеткілікті деп бөліседі. 2-ші курста академиялық үзіліс алып, Корей еліне барып келіп жүреді.
"Университеттен айырылғым келген жоқ, бірақ Кореяға да сенімді болмадым"
Дегенмен уақыт тығыздығы себебінен, университеттің 3-ші курсына өтерде оқуды тастауға мәжбүр болады. Шет елдегі білімін аяқтап, Ninety One тобының соңғы мүшесі болып енеді.
2015 жылдың көктемінде топтың дебютіне аз ғана уақыт қалғанда, Азамат университеттер арасында өткен Наурыз Джем мюзикл сайысында басты рөлді сомдап, "Үздік Ер адам рөлі" номинациясын жеңіп алады.
SM Entertainment
2012 жылдан 2015 жылдар аралығында Оңтүстік Корея елінде дарындыларды іздестіру, продюсерлік және дыбыс жазумен айналысатын S.M. Entertainment (кор. SM엔터테인먼트) атты музыкалық агенттігінде тағылымдамадан (стажировка) өткен. Таңғы балғындық елінде ACE 2,5 жыл тұрып, корей тілін жетік меңгерген.
"Бақытты бол" сөзі туралы
Ace-ты Ninety One тобының қанатты сөзіне айналған "Бақытты бол" тіркесінің авторы деп біледі. Әртістің айтуы бойынша, кез-келген жан бақытты болуға тырысады, өйткені ол адамды тепе-теңдікте сақтайды. Азамат жиі бақытты өмір заңы туралы мақалалар оқып, басқа адамдарға да бақыт тілегенді дұрыс санайды. Жанкүйерлер Ace-ты топтың ең сезімтал әрі көңілі құбылмалы мүшесі деп біледі. Оның көңіл-күйі ұжым ішіндегі барлық мемберлерге оңай әсерін тигізе алады. Өзінің қызу мінезінің бар екенін Азамат та жасырмайды.
"Ашуым қатты болғанда ішімдегінің бәрін айтып тастаймын. Бірақ кейін өкінемін"
Ninety One тобының дебютінен соң жігіттерді жаппай негатив жаулағанда, Азаматтың топтан кету туралы ешқандай ойы болмаған. Басқа топ мүшелеріне берілген жігіттік сөз және ортақ мақсат, керісінше, оны одан сайын алға ұмтылуға жетеледі.
"Басталған істі аяқтау керек. Мен үшін бұл да бір сынақ болды"
Ace нақты бір адамды кумир ретінде қарамайды. Сондықтан қоғамға жақсылық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырып, содан шабыт алады.
"Мен өзімді бұл өмірдің қонағы деп санаймын. Адамдарға барынша жақсылық жасап, артымнан таза есім қалдырған, Отанға пайдасы тиетін адам болып өмір сүргім келеді".
Ninety One
Толық мақаласы: Ninety One
Қазіргі таңда 2014 жылы құрылған, Қазақстандағы алғаш рет Q-pop музыкалық жанрының негізін салушы Ninety One тобының вокалисті және жетекі бишісі. Сондай-ақ топ арасында «топ келбеті» атағына ие. Топқа S.M. Entertainment агенттігінде 2,5 жыл тағылымдама өтіп келгеннен кейін қосылды. Басқапқыда топ атауы KTI-boys болатын, алайда 2015 жылдың 1 қыркүйегінде алғашқы «Айыптама» синглын жариялаған кезде, топ атауын Ninety One деп өзгертті.
Қызықты мәліметтер
Руы: Ұлы жүз, Албан
Хоббиі: Мистикалық және эзотерикалық жанрдағы кітаптарды оқу, экстремалдық спорт түрлерімен айналысқанды ұнатады.
Бойының ұзындығы: 177 см
Салмағы: 59 кг
Сүйікті тағамы: лағман
Брайан Макнайт, Boyz II Men, Крейг Дэвид, Эрик бенет сынды ритм-н-блюз жанрында өнер көрсететін әншілерді сүйіп тыңдайды.
Фильмография
Жыл Атауы Кейіпкер
2017 Қағаз кеме (сериал) Дидар
2017 Ninety One (фильм) Азамат
2018 91 TV (реалити-шоу) Азамат
2019 Зеркала (фильм) Қайрош

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: