Өмірбаян: Ардақ Исатаева Бекмұратқызы (1976 жылы 2 желтоқсан)
Ардақ Бекмұратқызы Исатаева (1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — танымал дәстүрлі әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті.
Ардақ Бекмұратқызы 1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Калинин ауылында дүниеге келген.
1983 - 1993 жылдары В.И. Ленин атындағы орта мектепте оқыған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде аудандық, облыстық концерттерге қатысып, көзге түскен. К.Әзірбаев атындағы облыстық байқауда 3-орын иеленген.
1993 - 1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бекболат Тілеуханнан дәріс алған.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлан гвардиясы жанынан құрылған президент оркестрінің жеке әншісі
1998 - 2005 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті
2000 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша дәріс береді. Көптеген шәкірттер дайындаған, шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері.
Жетістіктері
1998 - Қарағанды қаласында өткен Ж. Елебеков атындағы 1-ші Республикалық байқаудың лауреаты (1-орын)
2000 - Қырғызстан Республикасының «Ош» қаласында өткен халықаралық дәстүрлі әншілер байқауының Бас жүлдегері
Көптеген шет елдерде өнер көрсеткен: АҚШ - ( Вашингтон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Хьюстон, Санта-Барбара, Чикаго, Рочестер), Канада, Испания, Италия, Швейцария –(Анзера), Франция- (Париж), Қытай- (Пекин, Шанхай), Гонконг, Сингапур, Үндістан-( Дели, Агра, Хайдарабат, Бамбей), Түркия –(Стамбул, Анкара, Газиантэп), Корея –(Сеул), БАӘ- (Абудаби), ТМД елдері.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы.
Марапаттары
2008 - Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері атағының иегері.
2015 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: