Өмірбаян: Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы (1958 жылы 4 маусым)

Өмірбаян: Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы (1958 жылы 4 маусым)

Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996).
Өмірбаяны
1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген.
Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі.
Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарына Қыз Жібек, Дана (Е.Г. Брусиловский, Қыз Жібек пен Ер Тарғын), Ажар (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, Абай), Сара (М.Төлебаев, “Біржан — Сара”), Зылиха (Б.Жұманиязов, Махамбет), Наталья (Жұбанов пен Ғ.Жұбанова, (“Құрманғазы”), Розалинда (И.Штраус, Жарқанат), Виолетта (Дж. Верди, Травиата), Антония (Ж.Оффенбах, Гофман ертегілері), т.б. бар. Қазақ әндерін де (Шилі өзен, Алқоңыр, т.б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Биік деңгейдегі кәсіби шеберлік пен шынайылық, баурап алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздық оның әншілік өнеріне тән қасиет. Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музықалық шығармалары мол орын алған.
Марапаттары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000).
Татарстанның Халық әртісі.
«Құрмет» (2005) орденімен марапатталған.
Отбасы
Тұрмыс құрған. Күйеуі - Төлеген Мұхамеджанов (1948) - белгілі сазгер, ақын, Қазақастан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007 жылдан).
4 баласы бар. Қызы - Қарлығаш Мұхамеджанова (1983) - киноактриса.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы өмірі мен шығармашылығы, Нуржамал Усенбаева Пернебеккызы биография омирбаяны акпарат малимет, Нуржамал Усенбаева Пернебеккызы биография на казахском языке, Нұржамал Үсенбаева Пернебекқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]