Өмірбаян: Нұркен Өтеуілов Әшімханұлы (1976 жылы 14 маусым)

Өмірбаян: Нұркен Өтеуілов Әшімханұлы (1976 жылы 14 маусым)

Нұркен Әшімханұлы Өтеуілов (1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында туған) — кино және театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1998 жылдан).
Нұркен Әшімханұлы 1976 жылы 14 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шошанай ауылында дүниеге келген.
Ұлты - Қазақ.
Әкесі - Өтеуілов Әшімхан, ауыл шаруашылығында механик болып жұмыс істеген.
Анасы - Уәлибаева Жәмилә, Тұрмыс қажетін өтеу үйінде тігінші болып жұмыс істеген.
1994 - 1998 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр және кино институты)ның актерлік факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Кәукен Кенжетаев пен профессор Есім Сегізбаевтың классын музыкалық драманың актері мамадығы бойынша бітірген.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1998 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры сахнасында: Ғ. Мүсірепов « Қыз Жібек» – Шеге, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» – Жантық, М. Әуезов «Қанды азу» – Бораш, «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қараман, «Еңлік-Кебек» – Көбей, «Абай» – жас Абай, «Айман - Шолпан» – Көтібар; Ш.Айтматов «Ана-Жер Ана» – Бекташ, «Ғасырдан да ұзақ күн» – Әбутәліп; Ж. Мольер «Скапеннің айласы» – Скапен, Б. Ұзақов «Үміт» – Замир, У. Шекспир «Ромео мен Джульета» – Бенволио, Меркуцио, Дж. Патрик «Қымбатты Памела» – Сол Бозо, М. Фриш «Дон Жуанның думаны» – Дон Жуан, Е. Жуасбек «Терең тамырлар» – Бас ағаш, Ә. Нүрпейісов «Қан мен тар» – Еламан, И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы» – Генрих, У. Шекспир «Гамлет» – Гамлет, А. Вальехо «Күн сәулесі түспеген» – Марио, Ж. Ануй «Жалын жұтқан Жанна Д’Арк» – Король, В. Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» – Федеровский, М. Әуезов, Қ. Ысқақ «Қараш-Қараш» – Жарасбай, т.б.
Марапаттары
2000 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлықтарының лауреаты.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
2011 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталған.
Көптеген халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
2012 жылы Астана қаласы әкімінің арнайы сыйлығының Гран-при иегері.
2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы жазушы У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясымен қатысты. Гамлет бейнесі үшін – «Ең үздік ер бейнесі» номинациясын жеңіп алды.
Жеке қасиеттері
Діни көзқарасы - мұсылман.
Хоббиі - бильярд, боулинг.
Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақстандық поэзия, триллерлер.
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Айнұр Бермұхамбетова Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы (Астана). ¥лы - Бейбарыс (2001 ж. т.)

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Нұркен Өтеуілов Әшімханұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Нұркен Өтеуілов Әшімханұлы өмірі мен шығармашылығы, Нуркен Отеуилов Ашимханулы биография омирбаяны акпарат малимет, Нуркен Отеуилов Ашимханулы биография на казахском языке, Нұркен Өтеуілов Әшімханұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]