Өмірбаян: Үсіпхан Сейтімбет Әбдікерімұлы (1960 жылы)

Өмірбаян: Үсіпхан Сейтімбет Әбдікерімұлы (1960 жылы)

Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы - актер.
1960 ж. ОҚО Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келді.
1979 ж. Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды.
1983 ж. Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті.
1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысып, батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастыруда белсенділік көрсеткені үшін 1987ж. екі жылға сотталып, 1989 ж. бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайтадан жалғастырып, бітіріп шықты.
1990 ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданып, С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Абдолла, «Қыз жиырмаға толғанда» драмасында Есімсейіт, Д. Исабековтің «Анасын аңсаған қызында» Смат, т.б. біраз роль орындады.
1999 ж. қараша айында М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына ауысты.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М. Әуезовтің «Абайында» Нарымбет, Долгов, «Карагөзінде» Матай, «Еңлік-Кебегінде» Жәутей, «Қилы заманында» Нүке, Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Жарқын, Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Макс, «Қожанәсір тірі екенінде» Сақбөрі, Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Икс, «Өмірзаясында» Яхве, И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Барон, Ә. Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Шөмбай, Шахимарденнің «Томирисінде» Сақ жауынгері, Шахимарден, Қ. Ысқақтың «Қазақтарында» Қойгелді, Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Ата, Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» драмасында Советбек, Ә. Рахимовтің «Шәкәрімінде» Әупіш, Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Елес (реж. Е.Обаев) т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Г. Ибсеннің «Қуыршақ үйінде» Крогстат, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Жүргізуші, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Вольфганг Клаузен, М. Кәрімнің «Күнәһарында» («Ай тұтылған түн») Ақсақал, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Жұлдызшы, Н. Гогольдің «Парасында» Добчинский т.б.
Ү. Сейтімбет көпшілікке«Хабар» телеарнасының «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары», «Қымызхана» бағдарламалары арқылы жақсы таныс.
Актер Елбасының туған күніне арналған «Сүйінші» фильмінде Аға, «Алдар көседе» Райымбек, т.б. фильмдерде рольдерді табысты орындады.
"Құрмет" орденінің иегері (2019).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Үсіпхан Сейтімбет Әбдікерімұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Үсіпхан Сейтімбет Әбдікерімұлы өмірі мен шығармашылығы, Усипхан Сейтимбет Абдикеримулы биография омирбаяны акпарат малимет, Усипхан Сейтимбет Абдикеримулы биография на казахском языке, Үсіпхан Сейтімбет Әбдікерімұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]