Өмірбаян: Жұмағали Маханов Паринбекұлы (1962 жылы)
Маханов Жұмағали Паринбекұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері.
1962 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген.
1979-1983 жж. Алматы Мемлекеттік Театр және көркемсурет өнері институтының «Театр және кино» факультетін оқып-бітірді.
1983 жылы Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Қортық шал (реж. Е.Обаев), М.Әуезовтің «Қилы заманында» түрме бастығы (сахналық нұсқасы Н.Оразалин, реж. Ә.Рахимов), «Еңлік-Кебегінде» Кенбай (реж. Х.Әмір-Темір), Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Боян (реж. Ә.Рахимов), Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Қожа (реж. Ә.Рахимов), И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» қойылымында Ақылбай (реж. А.Әшімов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Мақай, Д.Исабековтің «Кішкентай ауылында» Мүтән (реж. С.Асылханов), М.Әуезовтің «Дос – бедел досында» Махмуд (реж. Қ.Жетпісбаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Жарбол, «Сан-Францискодан келген бұлтында» Еркін, А.Сүлейменовтің «Төрт тақта – жайнамазында» Черчение, «Жетінші палатасында» Виктор, «Қыздай жесір-штат қысқартуында» Еркін, С.Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтарында» Жолаушы шал, Ә.Таразидің «Ақын…Періште… Махаббатында» Асау жігіт (реж. Ә.Рахимов), М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» абитуриент, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Ши мойын (реж. Б.Атабаев), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Әдік (реж. Т.әл-Тарази), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Гриша, Т.Нұрмағамбетовтің "Қожанәсір тірі екенінде" Түрік (реж.О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» комиссия мүшесі (реж. О.Кенебаев), Т.Әбдіковтың «Ұлы мен Ұры» қойылымында оператор (реж. Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), Ж.Ерғалиевтің "Қас қағымында" Шахан (реж. Е.Нұрсұлтан), И.Вовнянконың "Қаза мен жазасында" Сот (реж. А.Әшімов), І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Құба би (реж. А.Кәкішева), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Кәріс шал (реж. А.Кәкішева) т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: М.Булгаковтың «Жендеттерінде» Паж (ауд. А.Сүлейменов, реж. В.Мажурин), Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Бенволио (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Салимов), У.Шекспирдің «Асауға – тұсауында» Бьянделло, Ш.Айтматовтың «Ақ кемесінде» бала, «Ана-Жер-анасында» Жайнақ, И.Саввин, Ж.Тәшеновтің «Ескерткішінде» Гринька (реж. Ә.Мәмбетов), Е.Замятиннің «Еділ патшасында» Дихан (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Ю.Коненкин), Е.Шварцтың «Қар ханымында» Кай (ауд. А.Сүлейменов, реж. Ә.Рахимов), Н.Абдықадыровтың «Шыңғысханның соңғы мұхитында» Шыңғысхан (реж. Н.Абдықадыров), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Дәруіш (реж. А.Әшімов), А.Володиннің «Мыңжылдық арманында» қалқанқұлақ (реж. С.Асылханов), К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Труффальдино (реж. Т.Әл-Тарази), А.Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Ферапонт (ауд. Ә.Бөпежанова, реж. Р.Андриасян, А.Кәкішева), У.Шекспирдің "Отелласында" V офисер (реж. Н.Птушкина), У.Шекспирдің "Лир патшасында" Сайқымазақ (реж. Е.Нұрсұлтан) т.б.
Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.
ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері.
Кинорольдері:
«Көріпкел» фильмінде Асқар (реж. А.Қарпықов) «Жол» фильмінде Нұрлан, «Қарама-қарсы тексерісінде» такси жүргізуші (Д.Қожақанов), «Ай кратері жиегіндеде» Қайсар (реж. С.Баймұханов), «Жел қызында» МАИ капитаны (реж. Ж.Пошанов) «Айналайын» фильмінде Аманғали (реж. Б.Қалымбетов), «Болашақ» сериалында емделуші (реж. С.Өтепбергенов), "Біржан сал" фильмінде Тілмаш (реж. Д.Жолжақсынов), "Дорога к матери" Теміржолшы (реж. А.Сатаев) т.б.
Белгілі актер «Тамаша», «Па, шіркін, пародия» ойын-сауық отауларында өнер көрсетті. «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі болды. «Біздің көшенің тұрғындарында» сол көшенің тұрғыны болып ойнады.
Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (1994).
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (2006), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017)

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: