Өмірбаян: Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы (15 қазан, 1916жылы)

Өмірбаян: Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы (15 қазан, 1916жылы)

Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (15 қазан, 1916, қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 26 ақпан, 1963, Алматы) – актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1947).
Өмірбаяны
Сахнадағы өнер жолын 1932 ж. Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағанды облыстық драма театры) бастады.
1938 ж. Қазақ драма театрының құрамына қабылданды.
Ойнаған рольдері
Осы театрда ойнаған алғашқы рөлі – А.Тоқмағанбетовтың “Әзірет сұлтан” спектакліндегі күтуші кемпір. Оған Зере (М.Әуезов, “Түнгі сарын”, “Шекарада”, “Абай”) рөлі үшін 1952 ж. ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мақпал, Дәмелі (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу”, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Меңсұлу (Ш.Құсайынов, “Алдар Көсе”), Зейнеп (С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”) cияқты күрделі бейнелерді сахнаға шығарды.
Классикалық драматургиядан Н.В. Гогольдің “Ревизорында” Анна Андреевнаның, А.Н. Островскийдің “Шындық жақсы, ал бақыт одан да артық” және “Таланттылар мен табынушыларында” Мавра Тарасовна мен Долина Пантелеевнаның, Ж.Б. Мольердің “Скапеннің айласы” мен “Сараңында” Зербинетта мен Фрозинаның, т.б. сахналық тұлғасын жасады. 1940 жылдан киноға түсті, Ана (“Райханда”, 1940), Зейнеп (“Абай әнінде”, 1945), Жамал (“Алтын мүйізде”, 1948), Күнікей (”Махаббат дастанында”, 1954), Милиционер әйел (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1957), Шайшекер (“Егер біздің бәріміз де”, 1961) рөлдерінде ойнады. Қ. халық әндерін нақышына келтіре орындаушы ретінде де ерекше көзге түсті.
Фильмографиясы
1940 - Райхан - Райхан
1945 - Абай әндері - Зейнеп
1948 - Алтын керней - Жамал
1954 - Махаббат туралы аңыз - Күнекей
1955 - Қыз-жігіт - секретарь
1956 - Мазасыз көктемде - Хафиза Бейсенова
1957 - Біздің сүйікті дәрігер - аға лейтенант
1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Шайшекер
1962 - Балам - Хадиша Ахметқызы
1962 - Жол түйісі - сұраушы
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған
ҚазКСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1952).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы өмірі мен шығармашылығы, Рахия Койшыбаева Рысбайкызы биография омирбаяны акпарат малимет, Рахия Койшыбаева Рысбайкызы биография на казахском языке, Рахия Қойшыбаева Рысбайқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]