Өмірбаян: Кәмшат Жолдыбаева (1988 жылы 28 қаңтар)

Өмірбаян: Кәмшат Жолдыбаева (1988 жылы 28 қаңтар)

Әнші, биші, актриса, тележүргізуші Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы қаңтар айының 28-ші жұлдызында Маңғыстау өңірінің «Форт-Шевченко» қаласында дүниеге келген. Кәмшаттың өзінен кіші сіңлісі бар, есімі Алтынай. Айта кететін жәйт – Алтынай да өнерден алыс емес, 2015-ші жылдың мамыр айында құрылған «JayRun» тобының әншісі.
Мектеп қабырғасында 9 жыл оқып, ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алып шығады. Мұнымен тоқталмай Алматы қаласы Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінде 3 жыл бойы «Ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жүргенде, сәті түсіп «Shine production» продюсерлік орталығына еліміздің үздік girls-band-ді КешYou тобының мүшесі ретінде кіреді. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясына «Эстрадалық вокал» кафедрасына ауысып сол жерде білімін шыңдай түседі. Бақытына орай қос продюссерінің бірі Бағым Мухитденовадан сабақ алады.
Топтағы қарқынды жұмысымен қоса оқуды қатарынан алып жүрген Кәмшат өзін актриса ретінде сынап көруді үлгерді. Ал ән айтудан бұрын Кәмшат көп жылдар бойы кәсіби бимен айналысып, топтың хореографиясына көңіл бөлген. Негізінде КешYou тобының құрамында жұмыс жасау ұсынысының тарихы Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек или Коктейль для звезды» фильміне ұйымдастырылған кастингінен бастау алды.
Сонымен қатар талантты қыз 2012 жылы «Қазақстан» арнасы көрермен назарына қатарынан екі рет ұсынған «Парыз» телекихаясында басты рөлдердің бірін сомдап шықты. Кейін әріптесі Айдана Меденовамен «Ғашық жүрек» телехкаясына түсіп, Баян ханымның «Тракторшының махаббаты» телехикаясында басты рөлді сомдады, қоржынында «Біржан сал» фильмі мен «Махаббатым жүрегімде» телехикаясы да бар.
Топ құрамында 4 жыл жұмыс жасап, мол тәжірибе жинаған Кәмшат, Баян ханымның нұсқауымен 2015-ші жылдың ақпан айынан бастап жеке шығармашылықпен айналысуға бел буды. Продюсерінің қанатында жүріп бірнеше бейнебаян түсіріп, теледидарлық жобалар мен телебағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ «Жанды дауыс» жобасында жүргізушілік қырынан көрінді.
Бір жыл ішінде жеке әнші ретінде қалыптасып, тыңдармандарын көбейткен әнші қыз продюсерлік орталық қанатынан шыққанмен көлеңкеде қалған жоқ. Өзін жан-жақты көрсетуде, жақында Қазақ хандығы туралы шығатын телехикаяда түсуде. Оған қоса Баян Есентаева ханым және «Shine Production» продюсерлік орталығымен қарым-қатынасын жалғастыруда.
2015-ші жылдың соңында продюсер Бағым Мухитденованың көмегімен «Бірге» әніне бейнебаян түсіріп үлгерді. Әдемі би мен ән үндескен бұл бейнебаянның тұсаукесері GakkuTV арнасында 2016 жылы қаңтар айының соңы яғни Кәмшаттың туған күнінде өтті. Үзіліс жарияламай тыңдармандарын алдағы уақытта тағы бір жаңа әнімен қуантпақ.
Кинодағы рөлдері
«Парыз», 2013
«Ғашық жүрек 2» («Коктейль для звезды 2»), 2011
«Тракторшының махаббаты» («Любовь тракториста»), т/х, 2013
«Біржан сал», 2009
«Өгей жүрек» («Чужие дети»), т/х, 2016
«Тараз», 2016
«Қазақ хандығы. Алмас қылыш», 2017
Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарына тосынсый жасады. Ол ел көптен күткен бейнебаянның тұсауын кесті.
Кәмшаттың айтуынша, “Падиша” әні тарихта қалған ұлы әйелдер туралы әңгімелейді. Клиптің идеясы әншінің продюсері Баян Есентаеваға тиесілі.
Су жаңа бейнебаянда Кәмшат әртүрлі образдарға еніп, әйел затының табиғатын көрсетуге тырысады. Өнер үшін аянып қалмайтын Кәмшат жаңа клипте суға да түседі, отқа да “күйеді”. Ал соңына қарай, тіпті, шешініп тастайды.
Бейнебаянда авангардтық өнердің бір түрі “боди-арт” қолданылады
Тыңдармандардың Кәмшаттың шығармашылығына деген қызығушылығы ерекше жоғары. “Падиша” клипін небәрі бір сағатта 10 мыңға жуық жан тамашалапты.
Көпшілік елімізде бұрын-соңды мұндай бейнебаянның түсірілмегенін айтып жатыр. Десе де әннің сөзі мен мағынасына сын таққандар көп.
Айта кетейік, “Падиша” – Кәмшаттың жеке әнші ретіндегі төртінші бейнебаяны.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Кәмшат Жолдыбаева туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Кәмшат Жолдыбаева өмірі мен шығармашылығы, Камшат Жолдыбаева биография омирбаяны акпарат малимет, Камшат Жолдыбаева биография на казахском языке, Кәмшат Жолдыбаева

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]