Өмірбаян: Дәурен Айдарқұлов (1982 жылғы 6 қыркүйек)

Өмірбаян: Дәурен Айдарқұлов (1982 жылғы 6 қыркүйек)

Дәурен Айдарқұлов - актер.
«КешYOU» тобының экс-солисті Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке үйленген. Бұл жұптың 2017 жылдың жазында Ибрагим есімді ұлдары дүниеге келді. Алдыңғы некесінен актердің үш баласы бар.
Дәурен Айдарқұлов 1982 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Дәурен физика-математикалық мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетіне «Менеджмент» мамандығына түскен. Кейін магистратурада халықаралық қатынастар бағыты бойынша оқыды.
Дәурен 19 жасынан бастап телевизияда жұмыс істейді. Өз қызметін 2001 жылы «Хабар» телеарнасында бастаған. Жастар шығарған «Шатақхана» бірінші әзіл-сықақ бағдарламасының актері және сценарий жазушысы болып істеген. «Қызық радиосы» және «Әзіл студия» атты кезінде әйгілі бағдарламалардың авторларының бірі болып табылады. «Ашық пошта» және «Қызықстан» телевизиялық жобаларының жүргізушісі болды.
Дәурен көп жыл бойы «Астана KZ» ұлттық КВН құрама командасында (кейін «Казахи» деп аталған) ойнаған. Жайдарман (КВН) ойындарымен студенттік шақта, 2000 жылы факультет аралық ойындарға қатысу кезінде танысқан. Қазір жас әрі табысқа жеткен шоумен үш бағытта еңбек етеді: түрлі телевизиялық жобалардың сценарийін жазушы, жүргізуші және актер. Былтырғы жылы үлкен киноға қатысып, «Свадьба на троих» комедиялық фильмінің басты рөлін ойнаған.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Дәурен Айдарқұлов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Дәурен Айдарқұлов өмірі мен шығармашылығы, Даурен Айдаркулов биография омирбаяны акпарат малимет, Даурен Айдаркулов биография на казахском языке, Дәурен Айдарқұлов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]