Өмірбаян: Асқар Ұзабаев (1983 жылы 7 сәуір)
Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер.
1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
«Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді.
Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы.
Кинодағы рөлдері:
2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан
Режиссер:
2016 Гламур для дур
2015 IT-жарайсың | IT-молодец (хикая, Қазақстан)
2015 Сүр бойдақ | Холостяк (Қазақстан)
2014 Абайлаңыз, сиыр! | Осторожно, корова!
2014 Махаббатым жүрегімде | Любовь всегда в моём сердце (хикая, Қазақстан)
2013 Боксшының жолы | Путь боксера
2013 Тракторшының махаббаты | Любовь тракториста (хикая, Қазақстан)
2012-2013 ВУЗеры (хикая, Қазақстан)
2010 Ғашық жүрек | Коктейль для звезды (Қазақстан)
Сценарист:

2013 Тракторшының махаббаты | Любовь тракториста (Қазақстан)

Продюсер:
Асқар Ұзабаевтың өнердегі алғашқы қадамы көңілді және тапқырлар клубынан басталды. Қазір белгілі режиссер, актер, продюсер Нұртас Адамбаевпен бірге Тараз қаласының құрамасында ойнаған. Кейін Алматыға келген соң "Голос Азии" және "Астана.kz" командасының құрамына кірді.
- Мен Жоғарғы лигада ойнадым, Сочидегі фестивальға бардым. Бір жарқын образдарды сомдадым деп айта алмаймын, бірақ номерлерге сценарий жазуға атсалыстым. КВН маған не берді дегенге келсек - юморды түсіну, адамдардың не нәрсеге күлетінін және не нәрсеге күлмейтінін ұғу. Бұл кейін комедиялар түсіргенде пайдаға асты, - дейді Асқар VOX POPULI басылымына берген сұхбатында.
Алғашқы ролигін 9 сыныпта оқығанда түсірген. "31 арнаның" "Рейдер" бағдарламасы үшін есірткінің зияны туралы әлеуметтік роликке байқау жарияланады. Бағын сынап көрмек болып, ол танысынан кассеталы камера сұрап алады да алғашқы ролигін жасайды. Оның айтуынша, режиссер болғысы келетінін сол кезде түсінген екен.
Ол студент кезінде түрлі жобаларға қатысып жүріп, видеоинженерлікті де меңгерген. Монтаждың қыр-сырын да осы кезде үйренеді.
Ал оқу бітірген соң музыкалық клиптер түсіруге кіріседі. Алдымен өзін көрсету үшін ол "Тарлан" тобына тегін клип түсіріп береді. Бұны байқаған Ләйля Сұлтанқызы өзінің шәкірті Алмас Кішкенбаев үшін видеоклип түсіруге шақырады. Шоу-бизнес әлемінде осылайша клипмейкер ретінде таныла бастады. Ұзабаевтың айтуынша, карьерасында 500-ден астам клип түсірген.
Клипмейкер бола жүріп Асқар өзін басқа қырынан сынап көрмек болады. Сөйтіп ол әнші Ерболат Құдайбергеновтың музыкалық продюсері ретінде көріне бастайды. "Мен қазақпын", "Біздің жігіттер" хиттары Асқар мен Ерболаттың әріптестігінің нәтижелері.
Асқар клипмейкер, музыкалық продюсер бола жүріп, кино түсіру арманынан ешқашан бас тартпағанын айтады. Алғашқы жұмысы ретінде қысқаметраж фильм түсіреді. Бірақ ол бұл жұмысын кездейсоқ себептермен жоғалтып алады....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Майя Веронская Владимирқызы (1983 жылы 22 маусым)
» Өмірбаян: Құралай Анарбекова (1989 жылы 11 маусым)
» Өмірбаян: Әсел Сәдуақасова (1985 жылы 31 қаңтар)
» Өмірбаян: Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)
» Өмірбаян: Баян Максатқызы Алагөзова [Есентаева] (1974)

Іздеп көріңіз: