Өмірбаян: Айжан Нұрмағамбетова (1956 жылы 7 маусым)
Айжан Нұрмағамбетова Қостанай облысы Саркөл ауданында 7.6.1956 жылы дүниеге келген өте ширақ, шалқыған ақ көңілді жан. Оның әкесі Қабдуғали Нұрмағамбетов жоғары білімді ауылшаруашылық институтында алған. Кейінірек Алматының жоғарғы партия мектебін бітірген соң, автомобильдер жолдары министрлігінде, білім қоғамында қызмет істеді. Алматы қаласының Октябрь аудандық атқару комитетінің социалдық қамтамасыз ету бөлімін басқарды. Айжанның анасы Сапаева Сара Мұхаммедқызы екі қыз, екі ұлды тәрбиелеп өсірді. Ол Алматының Темір жол институтының есеп факультетін тәмамдап, Мемлекеттік баспа комитетінде бас экономист, есепші қызметін атқарғанды. Нұрмағанбетовтердің тұңғышы — Айжан Нұрмағамбетова. Ол екі жоғары оқу орнын бітірді (филолог және заңгер). Айжан бірде қыраттан жүгіріп төмен түскен кезде қалың қарға иегіне дейін батып, одан әрең дегенде шығып, өкпесіне салқын тигізіп алады. Осы оқиғамен қатар оның есінде өзі ауыз суды қыс күндері өзеннің мұзын ойып алып, үйге қапшыққа салып алып келіп, қазан астына от жағып ерітетіндігі қалыпты. Ол кезде газ жоқ-тұғын.
Нұрмағанбетовтердің жанұясы Қостанай облысында Айжан 9 жасқа келгенше тұрды. Әкесінің Алматыға жұмысқа ауысуына орай Айжанның одан арғы өмірі Алатау баурайында өтеді. Қостанайдың 40 градусқа дейін жететін аязды күндерінен кейін Алматыдағы өмір оған жұмақтай сезілетін. Алматының жайма шуақ күні жаңға жайлы, көңілді көтереді. Күнге шағылысқан қарлы-мұзды шыңдар көз тартады, өздеріне шақырғандай… Айжанның ата-анасы өнерлі жандар. Әкесі домбыра шерте отырып ән салса, анасы жұбайымен жұп болып орындайтын. Айжанның атасы Нұрмағамбет Қостанай маңындағы ауылдарда өтетін тойларда жырлар айтып, домбырасын қолына ұстап ән салатын. Ата-анасы да ән шығарған. Келешек әнші балауса қыз Айжан ата-ананың әншілік өнерін құлағына сіңіріп өсті. Әжесі ұлы әскерге кеткен соң, сағына күтіп, баласына арнап ән шығарғанын есіне алады. Айжанның нағашы атасы — Мұхаммедке 1937 жылы жалған айып тағылып, халық жауы аталып, атылады. Оның жерленген орны белгісіз. Қазақтың қаншама аяулы азаматтары осындай қорлыққа ұшырады десеңізші!
Айжан тілі шыға бастағаннан-ақ ән сала бастапты. Алматыға жанұясы көшіп келген соң, І-Алматының теміржолшылар сарайында сахнаға шығып ән салып жүрді. 9-10 жасында облыстық мұғалімдер үйіндегі «Как много девушки» атты өнер ансамбліне қатысады. Қыздар тобы үрмелі музыкалық аспаптардың демеуімен ән салатын қазақ қызын іздейді, ақырында олар Айжанды табады. Сол мектептің ансамблінде ол София Ротарудың репертуарынан әндерді орындайды. Айжан 1985 жылы Мәскеуде өткізілген дүниежүзілік жастар және студенттер фестиваліне қатысып, мақтау дипломын жеңіп алды. Ол «Қазақконцерт» бірлестік ұжымында 12 жыл аянбай еңбек етіп, одан кейін оны «Гүлдер» ән-би ансамблі құрамына шақырды. Мұнда Мақпал Жүнісова және Сембек Жұмағалиевтермен қатар ән салды. 1995 жылы Айжан Нұрмағамбетоваға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. 1997 жылы Айжанды «Қазақконцерт» бірлестігі қайтадан шақырды. Ол содан бүгінге дейін осы ұжыммен бірге......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: