Өмірбаян: Әділбек Ниязымбетов Сәбитұлы (19 мамыр 1989 жылы)
Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов (19 мамыр 1989 жылы Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) — боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері (2012), Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Өмірбаяны
Әділбек алғаш рет 2007 жылдың жазында Алматы қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатын ұтқан. 2008 жылы Тараз қаласында өткен ересектер арасындағы 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Ол кезде Әділбек бар болғаны 18 жаста болатын. Ал 2009 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жетістігін қайталап, екі дүркін ел чемпионы атанды. Бірақ ҚР құрамасы сапында 2009 жылдың жазында Вьетнамда өткен Азия чемпионатында алғашқы кездесуде ұтылып, сәтсіздікке ұшырады. Сол себепті Әділбекті құраманың бас бапкері Дамир Буданбеков Миланда өткен әлем чемпионатына алмай тастап кетті.
Сол кезден бастап Әділбектің боксында тығырық кезеңі басталды. Ол 2010 жылы Астана қаласында өткен ҚР чемпионатында 1/4 финалда Данабек Сужановқа 2:3 есебімен есе жіберсе, 2011 жылы ақпан айында Алматыда өткен ҚРЧ 1/4 финалда Асхат Жақыпбековке 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл кездерде ол 75 келі салмақ дәрежесінде бокстасып жүрген болатын және бірнеше келі салмақ қуатын еді. Осы жылғы ҚРЧ-нан кейін Марат Жақиев бастаған Маңғыстау облыстық бапкерлер кеңесі ақылдаса келіп, Әділбекті 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне кетуін құп көрді, өйткені салмақ қуу көп энергияны алып кетіп тұрды.
2011 жылдың наурыз айынан бастап Әділбек 81 келі салмақта бокстаса бастады және жақсы жетістіктерге де жете бастады. Мысалы, сәуір айында Атырау қаласында өткен қазақ батырлары Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлының жүлдесіне арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанса, мамыр айында Алматы қаласында болып өткен Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүлдесі үшін болған ХТ-де Азамат Белгібаевты, Марат Қиясовты және финалда Антон Пинчукті ұтып жеңімпаз атанды және турнирдің ең техникасы мықты боксшысы деген атақты алды.
Содан бері 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрама сапында жүрді, бірнеше оқу-жаттығу жиындарына қатысты. Спаррингтер өткізді өзінің құрамадағы негізгі қарсыластарымен, Алмат Серимовпен, Азамат Белгібаевпен, Арман Рысбекпен. Әлем чемпионатына кетер кезде ең соңғы шешімін таппаған салмақ осы 81 келідегі салмақ болатын. Оған 3-4 боксшы бірдей таласып тұрды. Осылардың арасында Алматыда спарринг болды, Әділбек барлық қарсыластарын ұтып, өзінің ӘЧ баруға тиіс екендігін бапкерлер алдында дәлелдеп берді, осылардың арасында Бақтияр Артаев та болған еді.
2013 жылы Чехияда бокстан өткен "Гран При" бәсекесінде чемпион атанды. 81 келіде сынға түскен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ақтық сында голландиялық Петер Мулленбергпен жұдырықтасып, 10:9 есебімен басым түсті.
Бакудегі Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
30 қыркүйек Әлем чемпионатына тұнғыш рет қатысып отырған Әділбек алғашқы кездесуін молдовалық Владимир Челес қарсы өткізеді. Бүкіл ойын бойы бірінші нөмерде өнер көрсеткен Әділбек 16:11 есебімен жеңіске жетеді.
2 қазан Әділбек кезекті кездесуінде кореялық Ким Хионкьюды 14:9 есебімен жеңеді. Ойынның екі рауедында қарсыласын нокдаунға жіберген Әділбек кореялықтан айтарлықтан басым екені көрініп тұрды.
4 қазан 1/4 финалда Әділбекті өткен жылғы Орталық Америкалық ойындардың жеңімпазы колумбиялық Джейссон Монрой Варела күтіп тұрды. Әділбек бірінші раундты 5:2 есебімен жеңіспен аяқтайды. Екінші раундта азулы қарсыласын нокаутқа жіберу үшін 40 секунд қажет болды. Әділбек оң қолымен қарсыласының басына, сосын сол қолымен бауырына ауыр соққы жасайды. Әділбектің ауыр соққыларынан кейін колумбиялық Джейссон Монрой Варела көп уақытқа дейін орынан тұра алмай қалады. Төрешілер Әділбек қарсыласын рұқсат етілмеген, яғни белден төмен соққы жасаған-жасамағанын анықтау үшін ұзақ кеңеседі. Нәтижесінде Әділбектің жеңісі таза жеңіске жетеді.
7 қазан Әділбектің келесі қарсыласы соңғы Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері өзбекстандық Елшод Расұловпен кездесті. 11:9 есебімен аяқталған кездесу Әділбек үшін оңайға соқпады. Бірінші раундта 4:3, екінші раундта 4:2, үшінші раундта 3:3 есебі тіркеледі. Әділбек кейінрек берген сұқбатында әлем чемпионатындағы ең қиын қарсыласым Елшод Расұлов болды деп айтады.
8 қазан Финалда Әділбектің қарсыласы кубалық Хулио Де Ла Крус болды. Әділбек Кубаның ұлттық бокс құрамасының капитаны Крусқа қарсы ойында тамаша өнер көрсетті. Әділбек бүкіл ойын бойы көп шабуылдаса да, қарсыласы белсенді болмауына байланысты үш ескерту алса да, жеңіліп қалды. Ойын 13:17 (4:4, 4:8, 5:5) есебімен аяқталды. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағли Айтжанов: "Меніңше, Әділбектің финалдық ойынында әділ төрешілік болмады. Біз Әділбекдің әрбір соққысын санадық. Әділбек бірінші нөмермен және агрессивті ойын көрстеуіне қарамастан жеңіліп қалдыі. Әдетте бокшы ойында белсенді болмаған жағдайда ескерту жасайды немесе қарсыласына ұпай береді, Алайда бұл ойында олай болмады. Белсенділік танытпаған Крус әлем чемпионы атанды" - деп, өз өкінішін білдірді.......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: