Өмірбаян: Айдос Бектеміров Жұмаділдәұлы (26 мамыр 1950 жылы)
Айдос Жұмаділдәұлы Бектеміров (26 мамыр 1950 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарғалы ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2016). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (2003 жылдан).
1967ж. Алматыдағы Эстрада-цирк студиясын,
1973 ж. Мәскеу театр институтын,
1998 ж. Алматы театр және кино институтын бітірген.
1969 — 70 ж. “Қазақконцерт” бірлестігінде,
1970—71 ж. әскери борышын өтей жүріп, Орта Азияәскери округының ансамблінде,
1972 — 73 ж. республикалық “Гүлдер” ансамблінде өнер көрсеткен.
2003 жылдан бастап Әуезов театрының құрамында.
Шығармашылығы
1978 жылдан Қазақ жастар мен балалар театрында актер. Бектеміров осы театр сахнасында Мәди (Ә. Әбішевтің “Атыңнан айналайынында”, 1983), Мұрат (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”, 1983), Мылқау (Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”, 1983, 1994), Науан хазірет (сонда, 1998), Тұрар (Ш. Мұртазаның “Сталинге хатында”, 1987), Орманшы (Ә. Тауасаровтың “Махаббат аралында”, 1989) және Абай (Р. Сейтметов қойған спектакль-инсценировка “Қалың елім, қазағымда”, 1989) мен Махамбет (“Туған ұлдан не пайдада”, 1990) сияқты басты рөлдерде ойнады. Әсіресе, “Сталинге хат” спектакліндегі Тұрар образы актердің дарын қуатын танытты. “Әзірет сұлтан” спектакліндегі Хан мен “Қыз Жібектегі” Бекежан бейнесін сәтті сомдады. Режиссер ретінде 1998 ж. Ә. Сараевтың “Мұңым менің” пьесасын сахналады. Сонымен қатар Бектеміров бірқатар көркем фильмдерге де түскен (“Шоқан Уәлиханов”, “Провинциалдық роман”, т.б.)
Марапаттары
1996 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді.
2011 жылы «Құрмет ордені»
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерекелік медальі;
2016 жылы "Құнанбай" фильміндегі "Барақ" рөлі үшін "Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының" иегері атанды. Бұл марапатты ҚР тұңғыш президенітнің өз табыстады.
Жеке өмірі
жұбайы: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері: Жібек Бектемірова
Қыздары - Гүлзира (1983 жылы туған), Гауһар (1989 жылы туған), Іңкәр (1990 жылы туған).

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: