Өмірбаян: Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жылы)
Ақан Сатаев (23 желтоқсан 1971 жыл, Қарағанды, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан кинорежиссёрі, актёр, продюсер.
Өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірді. Оқуды бітірген соң екі көркем фильмге түсті. Сол кездері режиссёр, продюсер ретінде жарнамалар түсірумен айналысып үлкен табысқа жетіп, 300 жарнамалық роликтер шығарумен қатар бірнеше "Алтын Жұлдыз" сыйлықтарын иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Бұл көркем-суретті киноны журналистер мен сыншылар жылы қабылдады және фильм – кинотеатрларда кезекте тұрған көрермендердің көңілінен шықты. «Рэкетир» – қазіргі қазақ киносының тарихындағы ең алғашқы кассалық фильм. Аталған картина прокаттағы бастапқы күндерінде 1 миллион 150 мың доллар жинап, Қазақстанның бокс-оффисінде мегахитке айналды.
Келесі сатыда – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Ағайынды» сериалы. Ақан Сатаев бұл еңбегінде үш ағайындының тағдырларын қатар баяндайды. Мемлекеттік тапсырыстың шарасыз шығындарымен кездескеніне қарамастан, бірқатар актерларды жұлдыздар қатарына шығарады – атап айтқанда, Берік Айтжанов, Әнуар Нұрпейісов, Нұрлан Әлімжанов және т.б.
Режиссердің кино және теледидар саласындағы сәтті тәжірибелерінен кейін, «Адасқан» атты жаңа фильмді, көрермендер үлкен қызығушылықпен күтті. Алматы облысының даласында түсірілген мистикалық триллер, көрерменді бірінші минуттан соңғы минутқа дейін шиеленістірсе, Андрей Мерзликин мен оның әріптестері Тұңғышбай Жаманқұлов пен Айғаным Садықованың шебер ойыны экраннан бас тартуға мүмкіншілік бермейді. Коммерциялық жағынан «Адасқан» киносының «Рэкетир» фильмінен пайдасы кем болғанымен, ол – Сатаевтың шығармашылығындағы жаңа кезең болып табылады, және Қазақстанның оскарлық комитеті дәл осы көркем-суретті Американдық кино өнерінің және ғылымдар академиясының номинациясы бойынша «Шетел тілінде қойылған ең жақсы фильм» сыйлығын алу үшін таңдауы кездейсоқ емес.
Алдағы «Жаужүрек Мың бала» тарихи жырының түсірілуін әзірлеуші және қазіргі «Айналайын» сериалының продюсерлік рөлін атқарып отырған Ақан Сатаев «Ликвидаторды» түсіргенде, психологиялық драмамен үйлескен боевик жанрына сүйенді.
Мансап
Режиссёр
Рэкетир – 2007
Заблудившийся (Адасқан) – 2009
Ағайынды (Братья); сериал – 2009
Ликвидатор – 2011
Жаужүрек Мың бала – 2012
Актёр
Аллажар – 1993
Жас аккордеоншының өмірбаяны (Жизнеописание юного аккордеониста) – 1999
Продюсер
Рэкетир – 2007
Заблудившийся (Адасқан) – 2009
Айналайын; сериал – 2011

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)
» Өмірбаян: Сайлау Қамиев Ғалымжанұлы (1976 жылы 17 маусым)
» Өмірбаян: Мұрат Ахманов Ноянбайұлы (1959 жылы 1 маусым)
» Өмірбаян: Азат Сейтметов Райымбекұлы (1964 жылы 14 желтоқсан)
» Өмірбаян: Сәбит Әбдіхалықов Әбдімүтәліұлы (1973 жылы 1 тамыз)

Іздеп көріңіз: