Өмірбаян: Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтар)

Өмірбаян: Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтар)

Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорғанда туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1980 жылдан).
Мұрат Нұрәсілов 1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Алматы Театр және Көркемсурет институтынн бітірген.
1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік құрамында еңбек етеді.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: А. Сүлейменовтің «Ситуациялар» триптихінде «Төрт тақта – жайнамаз» Райсобес, «Жетінші палата» Өріков, «Қыздай жесір–штат қысқартуында" Аханов (реж. Ә. Рахимов), Қ. Мырзалиевтің «Түрт, сайтаным, түртінде» Алдар көсе, Ә. Кекілбаевтің «Абылай ханында» Ойрат елшісі (реж. Б. Атабаев), С. Балғабаевтың «Тойдан қайтқан қазақтарында» Асай Мүсеевич, М. Әуезовтің «Қилы заманында» Нүке (реж. Ә. Рахимов), М. Әуезовтің «Еңлік – Кебегінде» Кембай (реж. Х. Әмір-Темір), «Абайында» Сырттан (реж. Е. Обаев), І. Есенберлиннің «Ғашықтарында» Шерубай (реж. Қ. Сүгірбеков), М. Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Қараев (реж. Т. әл-Тарази), С. Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Жұмабай (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Шұлғаубай (реж. Б. Атабаев), Ө. Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Басқарма (реж. О. Кенебаев), Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Әкім (реж. Ә. Рахимов), Д. Исабековтің «Мұрагерлерінде» Комиссия мүшесі (реж. О. Кенебаев), М.Мақатаевтың «Ақын… Періште… Махаббатында» Жанторсық (реж. Ә. Рахимов), Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Сақбөрі (реж. О. Кенебаев), Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Балтабай (реж. Ә. Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ауылбасы (реж. А. Кәкішева) т.б. көптеген рөлдерде ойнайды.
Кино рөлдері
«Өрнек» – зоотехник Жарас (реж. А. Әлпиев)
«Жансебіл» – НКВД адамы (реж. А. Шәжімбаев)
«Махамбет» – Би (реж. С. Тәуекелов)
«Ауылым – әнім» ауылтұрғыны (реж. С. Құрманбеков)
«Байқоңыр» – Ата (реж. Ф. Хельмер)
телесериалдарда: «Қарашегіртке» – Маргоның жұбайы, «Құрдастар» – веттехник, «Айналайын» – ауыл тұрғыны және т.б көптеген отандық телехикаяларда ойнайды.
Марапаттары
«Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.
2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі берілді.
2006 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Мұрат Нұрәсілов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Мұрат Нұрәсілов өмірі мен шығармашылығы, Мурат Нурасилов биография омирбаяны акпарат малимет, Мурат Нурасилов биография на казахском языке, Мұрат Нұрәсілов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]