Өмірбаян: Дәурен Серғазин Серікбекұлы (1984 жылы 6 қазан)

Өмірбаян: Дәурен Серғазин Серікбекұлы (1984 жылы 6 қазан)

Дәурен Серікбекұлы Серғазин (1984 жылы 6 қазанда Теміртауда туған) — актер. Қазақстан тұңғыш президенті қоры сыйлығының иегері (2016). Астана жастар театрының актері (2007 жылдан).
Дәурен Серікбекұлы 1984 жылы 6 қазанда Теміртауда дүниеге келген. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал-Арасан ауылында өскен.
2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, профессор Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген.
2006 - 2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында Жексеннің рөлін сомдаған. (ТРК Қазақстан);
2007 жылдан Астана жастар театрының негізін қалаушы актері.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Астана жастар театры сахнасында: Ғ.Мүсіреповтің «Қозы мен Баянында» – Қозы, Н.Гогольдің «Ревизорында» – Хлестаков, Ш.Айматовтың «Жан азабында» – мәңгүрт Жоламан, Т.Миннуллиннің «Диляфруздың төрт күйеуінде» – Әмір, Б.Соқпақбаевтың «…Көзіме бір көрінсең бала ғашық…» шығармасында – Қожа, У.Шекспирдің «Асауға тұсауында» – Люченцио, М.Левидің «Жер мен көктің арасында» – Артур және т.б көптеген рөлдері бар.
Дәурен Серғазин кино өнерінде де рөлдері бар: «Возвращение в А» фильмінде – Алтай, «Жас ұланда» – лейтенант Талғатов, «Жаужүрек мың балада» – Сәбит, Д.Махаматдинов түсірген «Алдар көседе» – Алдар көсе, С.Құрманбековтің «Ауыл сақшысында» Ерен, «Қара шаңырақта» – Мәди.
Марапаттары
Көптеген Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.
2016 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қоры сыйлығының театр саласы бойынша лауреаты.
2018 жылы 28 наурыз - Қазақстан театрлар ассосациясының "Саxнагер" ұлттық театр сыйлығының иегері ("Ең үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Дәурен Серғазин Серікбекұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Дәурен Серғазин Серікбекұлы өмірі мен шығармашылығы, Даурен Сергазин Серикбекулы биография омирбаяны акпарат малимет, Даурен Сергазин Серикбекулы биография на казахском языке, Дәурен Серғазин Серікбекұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]