Өмірбаян: Ерлан Біләл Әбділдаұлы (1971 жылы 23 ақпан)
Ерлан Әбділдаұлы Біләл (1971 жылы 23 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Құрмет орденінің иегері (2016).
Ерлан Әбділдаұлы 1971 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және театр актері мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2011 - 2012 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директорының орынбасары.
2014 -2015 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі.
2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: М.Әуезовтің «Абайында» Керім, «Қарагөзінде» Сырым (реж. Ә.Мәмбетов), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Ж.Хаджиев), «Айман-Шолпанында» Әлібек (реж.Е.Обаев), «Абайында» Абай (реж.Е.Обаев), «Қилы заманында» Ұзақ батыр (сахналық нұсқасы.Н.Оразалин, реж.Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ (реж.Е.Обаев), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» қарияның ұлы (реж.Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Шәмші (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), «Қыз мұңында» генерал (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Қозы («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж.Қ.Сүгірбеков), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұңында» Қаранар, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Жас жігіт (реж. Қ.Сүгірбеков), Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырайында» Ыбырай, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Сұлтанмахмұт (реж.Б.Атабаев), Ә.Таразидің «Ақын… Періште…Махаббатында…» Ақын (реж. Ә.Рахимов), М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Темір, Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Мұхаммед Шайбани (реж. Т.әл-Тарази), Иран- Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?..» реквиемінде Құнанбай (реж.О.Кенебаев) т.б. көптеген бейнелерді сомдаған.
Кинофильмдері
2009 жылы Біржан сал фильмінде Сал-сері рөлі (режиссері: Д.Жолжақсынов)
«Сіз кімсіз, К. мырза?» тіс дәрігері (реж. К.Ахметов),
«Балалық шағымның аспаны» – ән пәнінің мұғалімі (реж. Р. Әбдірашев),
«Ата-жұрт» мектеп директоры (реж. С.Тәуекелов).
Марапаттары
1998 ж. Берлинде өткен жас таланттар фестивалінін жүлдегері.
2002 жылы 10-шы театрларының республикалық фестивалінде бас жүлде жеңіп алған.
2002 жылы "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" спектакліндегі Қозы рөлі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды.[1]
2007 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
Бауыржан Момышұлы атындағы "Намыс" Орденімен марапатталған.
2015 жылы "Қазақстан конститутциясына 20 жыл" медалі
2016 жылы ҚР Мәдениет министрінің қолынан Құрмет ордені мен мараптталды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: