Өмірбаян: Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы (1970 жылы 23 мамыр)

Өмірбаян: Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы (1970 жылы 23 мамыр)

Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай (1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай 1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда дүниеге келген.
1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірген.
1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Театр және кино институты) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Көкбай (реж. Ә.Мәмбетов), Әзімхан (реж. Е.Обаев), «Айман-Шолпанында» Балпық (реж. Е.Обаев), «Еңлік-Кебегінде» Көбей (реж. Ж.Хаджиев), Еспембет (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Рахымбай (реж. Ә.Рахимов), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж. Қ.Сүгірбеков) Айдар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Молда (реж. Ә.Рахимов), А.Сүлейменовтің «Кегінде» бекзада Сарын (реж. Ә.Рахимов), Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Шарыш (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Омар (реж. Б. Омаров), И.Сапарбайдың «Абай-Тоғжанында» Абай, Шахимарден мен Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Дуана сарбаз (реж.Т.әл-Тарази), Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Дәулетбек, Асылхан, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Болтай (реж. Б.Атабаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Шәукен (реж. О.Кенебаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Макс (реж. М.Ахманов), Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Қыдырәлі (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Матақов (реж. Ә.Рахимов), Ш.Мұртазаның «Ай мен Айшасында» Орақ (реж. Т. әл-Тарази) және т.б көптеген рөлдері ойнайды.
Кинорөлдері
«Ағайындылар» – тергеуші Толғанбев (реж. А. Сатаев), «Жайлаудағы оқиға» – Бай, «Махаббат жағалауы» – Бас редактор, «Алтын алқа» – Оператор, «Ақсұңқар» – Жаршы («Хабар» арнасы, реж. М. Бидосов) «Мент» – подполковник (реж. М. Оспанов), «Таңқалдырған хикая-1» – Бай, «Таңқалдырған хикая-2» – Режиссер («Хабар» арнасы, реж. Б. Санитас) және т.б
Марапаттары
2016 — "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
2017 — ҚР Президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
Халықаралық және республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы өмірі мен шығармашылығы, Жалгас Толганбай Конысбайулы биография омирбаяны акпарат малимет, Жалгас Толганбай Конысбайулы биография на казахском языке, Жалғас Толғанбай Қонысбайұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]