Өмірбаян: Нұрқанат Жақыпбай (1947 жылы 24 маусым)
Нұрқанат Жақыпбай (1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — режиссер, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1995). Парасат, Достық ордендерінің иегері. Астана жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері (2007 жылдан).
Нұрқанат Жақыпбай 1947 жылы 24 маусымда Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келген.
1970 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік консерваториясы)бітірген.
1983 жылы Т.Жүргенов атыныдағы Қазақ ұлттық өнер аадемиясының "режиссура" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
1969 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актерлік құрамына алынады.
1995 жылдан осы театрдың бас режиссері қызыметін атқарды.
1984 жылдан Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздық қызыметін бастады.
1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенттік шыршасының бас режиссері.
2007 жылдан Астана қаласы әкімдігінің шақыртуымен Астана жастар театрын ашып әрі көркемдік жетекші лауазымында қатар алып келе жатыр. Театрдың актерлік құрамында басым көпшілігі өзінің шәкірттерінен құарлған.
Шығармашылығы
Театр сахнасында Сә Сейфуллин (Ә.Тәжібаевтың “Монологтарында”), Асқар (С.Мұқановтың “Ботагөзінде”), Әбіш (Б.Майлиннің “Шұғасында”), Еркебұлан (С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарларында”), Горацио (У.Шекспирдің “Гамлетінде”), Сердәлі (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтотысында”), Нияз (Т.Ахтановтың “Махаббат мұңында”, Бақытжан (О.Бөкеевтің “Қар қызында”), т.б. рөлдерді сомдады. Жақыпбай киноактер ретінде де танымал болған. Ол бейнелеген Таңат (“Шоқ пен Шер”), Сарман (“Жаңа жыл кешінде”), Саржан (“Жамбылдың балалық шағы”), Армоль (“Киттер қайтып кеткенде”), т.б. образдар қазақ киносының тарихына енді. Жақыпбай Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрында “Жау тылындағы бала” (авт. Қ.Қайсенов, О.Бөкеев), “Махаббат аралы” (Ә.Тауасаров), “Қыз жиырмаға толғанда” (С.Балғабаев), “Кер құла атты Кендебай” (Т.Алшынбаев), “Миғұла терісі үстіндегі сот” (Ш.Айтматов, М.Шаханов), т.б. спектакльдерді қойды. Ол Абайдың жастық шағын бейнелейтін “Желсіз түнде жарық ай” (1995), Ш.Айтматовтың шығармалары бойынша сахналаған “Жан азабы” (2000) спектакльдері үшін республикалық театр фестивальдерінде “ең үздік режиссер” атағын алған.
Марапаттары
бірнеше мәрте Халықаралық және республикалық театр фистивальінің "Үздік режиссер" атылымы бойынша жүлдені қанжығасына байлаған дарын иесі.
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі.
1995 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері атанды.
1995 жылы Республикалық театр фистивальінде "Үздік режиссер" аталымы;
2009 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награды «Парасат ордені» берілді.
2016 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" кәсіби театр сыйлығының "Жылдың Үздік режиссері" аталымы бойынша лауреаты;
2016 жылы "Жылдың Үздік режиссері" аталымы бойынша "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері.
2016 жылғы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда ІІ дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды. (Астана,Ақорда 13 желтоқсан);
Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Үздік режиссер» аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл).

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Мұрат Ахманов Ноянбайұлы (1959 жылы 1 маусым)
» Өмірбаян: Сайлау Қамиев Ғалымжанұлы (1976 жылы 17 маусым)
» Өмірбаян: Сәбит Әбдіхалықов Әбдімүтәліұлы (1973 жылы 1 тамыз)
» Өмірбаян: Ғазиза Әбдінәбиева (1948 жылы 3 қаңтар)
» Өмірбаян: Әділ Ахметов Ералыұлы (1984 жылы 30 қыркүйек)

Іздеп көріңіз: