Өмірбаян: Ләйла Ақназарқызы (6 ақпан 1960 жылы)

Өмірбаян: Ләйла Ақназарқызы (6 ақпан 1960 жылы)

Ләйла Ақназарқызы Бекназар-Ханинга (6 ақпан 1960 жылы Алматы қаласында туған) — актриса, театр педагогы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1996).
Ләйла Ақназарқызы 1960 жылы Алматы қаласында туған. 1977-1981 жылдары Алматы көркем театр институтында КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хадиша Бөкееваның шеберханасында оқып. «Драмалық театр және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Сол жылы М. Әуезов атындағы Академиялық драма театрының құрамына алынды.
Әуезов театрындағы ойнаған рөлдері:
Қара шаңырақтағы алғашқы рольдері: Т. Ахтанов «Жоғалған дос» – Ғалия, С. Сматаев «Жұлдызым менің жоғары» – Шолпан, Б. Мұқай «Тоят түні» – Баян, М. Әуезов «Айман-Шолпан» – Шолпан, И. Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?» – Әйгерім, «Шыңғыс хан» – Құлан, У. Шекспир «Асауға тұсау» – Катарина, Б. Атабаев, А. Тасымбеков «Кебенек киген арулар» – Жания, Володин «Кесіртке» – Әнші, Е. Аманшаев «Сұлтан болсам егер мен» – Зарина, т.б.
Астана театрының сахнасында: А. Чеховтың «Ваня ағай» – Елена Андреевна; Ә. Нүрпейісов «Қан мен тер» – Ақбала; М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» – Қарлыға, «Айман-Шолпан» – Теңге; М. Шаханов «Шыңғысханның соңғы күндері» – Ақерке; Д. Исабековтың «Алтын тордағы тоты» – Актриса; Ж. Мольер «Тартюф» – Дарина; Е. Жуаcбек «Үйлену» –Дерекгүл, «Сен үшін» – Әйел; Ж.М. Шевре «Ізгілік формуласы» – Маривонн, С. Мұқанов, Ш. Уәлиханов «Шоқан» – Зейнеп секілді көптеген рольдерді сомдады.
«Қазақфильм», «Мосфильм», «Қырғызфильм» киностудияларында киноға түскен.
Еңбек жолы
1981-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.
1999 жылы Астана қаласының әкімінің шақыруымен әрі ҚР Мәдениет Министірлігінің жолдамасымен Астана қаласындағы Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына және М. Горький атындағы орыс драма театрына қызметке келді.
Астанадағы "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің "Актерлік өнері және режиссура" кафидрасының профессоры.
Марапаттары
Бірнеше дүркін "Ең үздік актриса" аталымы бойынша жүлдегері;
1996 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты;
2001 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.
2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 10жыл" медалі;
«Құрмет ордені»
2016 жылғы елбасының жарлығы бойынша «Парасат ордені» мен марапатталды.
"Шабыт" халықаралық фистивальінің лауреаты.
Көптеген "Құрмет грамотасы" мен "Алғыс хат"тармен марапатталған.
Жеке өмірі
Жұбайы: театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Юрий Иванович Бекназар-Ханинга.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Ләйла Ақназарқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Ләйла Ақназарқызы өмірі мен шығармашылығы, Лайла Акназаркызы биография омирбаяны акпарат малимет, Лайла Акназаркызы биография на казахском языке, Ләйла Ақназарқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]