Өмірбаян: Данагүл Темірсұлтанова Қайырсапқызы (1964 жылы 9 мамыр)

Өмірбаян: Данагүл Темірсұлтанова Қайырсапқызы (1964 жылы 9 мамыр)

Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова (1964 жылы 9 мамырда БҚО Казталов ауданында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Республика жұртшылығына "Тамаша" әзіл-сқақ театрынан кеңінен танылған дарынды артист.
Данагүл Қайырсапқызы 1964 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген.
1983 - 1987 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының "театр" бөлімін КСРО Халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі Тілектес Мейрамовтың сыныбын бітірген.
1987 жылы жолдамамен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамыа алынады. Сол жылдан бастап оыс қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
1989 жылы "Тамаша" әзіл-сқақ театрына Лұқпан Есеновтың шақыртумен келеді. Осы кезден бастап республика жұртшылығына кеңінен таныла бастайды.
2005 жылы Гүлбаушан Тілеубековамен бірігіп "Аққу-Гәкку" әзіл-сықақ театрын құрады.
2011 - 2012 жылдар аралығында «Жар-жар» теле-шоуының жүргізушісі болды.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз, «Айман-Шолпанында» Айман (реж. Е.Обаев), «Абайында» Қарлығаш (реж. Е. Обаев), Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханында» Топыш (реж. Б. Атабаев), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Ләйлә (реж. Б. Атабаев), Б.Мұқайдың «Тоят түнінде» Перизат, «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Е.Аманшаевтың «Үзілген бесік жырында» Алмагүл, М. Мақатаевтың «Қош, махаббатында!» Зағыш, Б.Римованың «Қос мұңлығында» Самал, Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанындағы» Айман (реж. Қ.Сүгірбеков), Шахимарденнің «Томирисіндегі» Амага (реж. Т. әл-Тарази), Д.Исабековтің «Актрисасында» Айгүл (Н.Жұманиязов), Қ.Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде» Гүлжан (реж. О.Кенебаев), Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» Сызғанова (реж. О.Кенебаев), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?..» комедиясында Апа (реж. М.Ахманов) т.б. көптеген рөлдерді сомдап келеді.
Кино рөлдері
1986 жылы «Асу» фильмінде басты рөлде
2000 - 2003 жылдары "Саранча" фильмі
2011 жылы "Айналайын" коммедиясы
2012 - 2013 жылыдары "ВУЗеры" коммедиясы
2013 - 2014 жылдары "Домашние войны" сериалында басты рөлде
2015 жылы "Свадьба на троих"
2017 жылы "Келинка тоже человек" басты рөлде
Марапаттары
2001 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
2008 жылы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
Отбасы
Жары: актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азат Сейтметов
Қайын атасы: режиссер, ҚР халық әртісі Райымбек Сейтметов
Екі қызы, бір ұл баласы бар.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова өмірі мен шығармашылығы, Данагул Кайырсапкызы Темирсултанова биография омирбаяны акпарат малимет, Данагул Кайырсапкызы Темирсултанова биография на казахском языке, Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]