Өмірбаян: Дәрия Жүсіп Әбдімәлікқызы (1972 жылы 9 тамыз)
Дәрия Әбдімәлікқызы Жүсіп (1972 жылы 9 тамызда Алматыда туған) — актриса, театр педагогы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және ҚР тұңғыш президент қоры сыйлығының иегері.
Дәрия Әбдімәлікқызы Алматыда дүниеге келген. Орта мектепті Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында бітірген. 1993 жылдан бастап Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етеді.
Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дәрия сан қырлы талант иесі: дауысы әсем кәсіби әнші, мың бұралған биші екенін де атап айту орынды. Мәселен, оның кәсіби әншілігі «Аршын мал алан» мюзиклы мен «Абай» трагедиясында, «Жаужүрек» драмасында көрінсе, актриса 2005 жылы режиссер Б. Атабаевтың «Ақсарай» театрында қойылған «Қыз Жібек» заманауи операсында басты роль Жібектің партиясын орындады.
Актриса қазақ кино өнеріне де атсалысып келеді. Ол «Заманай мен Аманай», «Күлпаш», т.б. көркемфильмдеріне түсті.
2008ж. бастап Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында «актерлік шеберліктен» сабақ береді. 2012ж. студенттерімен Мәскеуде «Гамлет» спектаклін табысты көрсетті.
Білімі
1989-1993жж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театржәне кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) «Театр-кино актері» мамандығы бойынша оқып-бітірді.
1998ж. Қазақ Мемлекеттік Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлем тілдері институтының ағылшын тілі факультетін бітірген.
2008ж. Қазақ Ұлттық Құрманғазы атындағы консерваториясының камералық ән өнері бөлімін үздік бітірген.
Сахнадағы рөлдері
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Әйгерім (реж. Е. Обаев), Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Баян сұлу (реж. Қ. Сүгірбеков), Ә. Тәжібаевтың «Жомарттың кілемінде» Несібелі, Ә. Кекілбаевтың «Абылай хан» тарихи драмасында Күлпаш (реж. Б. Атабаев), «Қабыл – Адам Ата перзентіндегі» Эда (автор және режиссері К. Ашир), Д. Амантайдың «Сәлеметсің бе, Қоңыр мұң?..» драмасында Дариға (реж. Қ. Сүгірбеков), Шахимарденнің «Томирисінде» сақ патшайымы Томирис, Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Нигар ханум, (реж. Т. әл-Тарази), И. Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Баронесса (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?!» комедиясында Таня (реж. М. Ахманов), Д. Исабековтің «Жаужүрек» драмасында Елизавета Андреевна (реж. Е. Обаев), М. Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек» драмасында Сағила (реж. О. Кенебаев).
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: К. Гоццидің «Турандот ханшайым» комедиясында Турандот, М.Ғапаровтың «Тұзды шөлінде» Айғаныш (реж. Т. әл-Тарази), «Мың бір түн» бойынша қойылған «Әлі баба және қырық қарақшы» мюзиклында Шаһаризада (В .Смехов, реж. Т. Аралбай), «Шыңғысханның соңғы мұхитында» Бөрте (автор және реж. Н. Әбдіқадыров), У. Гаджибековтің «Аршын мал алан» мюзиклында Гүлчахра (режиссері Т. әл-Тарази).
Марапаттары
1994 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты
2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталған.
2010 жылы ҚР тұңғыш президенті қоры сыйлығының лауреаты (театр саласы бойынша)
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.
Жеке өмірі
Жұбайы: актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)
» Өмірбаян: Гүлжамал Қазақбаева Мұқажанқызы (1949 жылы 7 ақпан)
» Өмірбаян: Алтынай Нөгербек Бауыржанқызы (26 қараша 1976 жылы)
» Өмірбаян: Айдос Бектеміров Жұмаділдәұлы (26 мамыр 1950 жылы)
» Өмірбаян: Ғазиза Әбдінәбиева (1948 жылы 3 қаңтар)

Іздеп көріңіз: