Өмірбаян: Қонысбай Әбіл (21 мамыр 1954 жылы)
Қонысбай Әбіл (21 мамыр 1954 жыл, Қостанай облысы, Жангелді ауданы) — ақын, Қазақстан халық ақыны.
Өмірбаяны
1977 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген
біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы
1980—1985 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі
1985 жылы облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары
1990 жылы қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы
1991 — 1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы болып істеді.
1999 жылы «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының» төрағасы болып сайланды.
Астана қаласы әкімі аппараты тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
Шығармашылығы
Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газет-журналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары Көкей Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырып-салма саңлақтармен сөз сайыстарына түскен. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстар да сан мәрте топ жарды.
Шығармалары
Бастау. Сықақ өлеңдер. А., «Жалын», 1980
Көршілер. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1987
Алаңғасар. Әзіл-сықақ әңгімелер мен скетчтер. А., «Өнер», 1989
Қонысбайдың қалжыңдары. Әзіл, қалжың, қағытпалар. Астана, «Елорда», 2000.[1]
Марапаттары
Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін
1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды.[2]
1998 жылы "Астана" медалі
Парасат ордені
2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
2005 жылы "Қазақстан конститутциясына 10 жыл" медалі
2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
Арқалық қаласының Құрметті азаматы.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: