Өмірбаян: Еркебұлан Қайназар Әбілханұлы (18 қазан, 1984 жыл)

Өмірбаян: Еркебұлан Қайназар Әбілханұлы (18 қазан, 1984 жыл)

Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар (18 қазан, 1984 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, А.Үсен ауылы - айтыскер ақын, жыршы, термеші.
Өмірбаяны
А.Үсен атындағы орта мектепте оқып (1991-2001) бітіреді.
ақын Әбдіхалық Әбдірайымұлы ашқан Шымкент қаласындағы «Жас ақындар мен импровизаторлар, жыршы-термешілер» мектебін үздік бітірген (2001-2002).
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика факультеті, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасында білім алып, үздік бітірген (2002-2006).
ҚР Президенттік Мәдениет орталығының «Ұлттық дәстүрлер театрында» қызмет атқарған (2007-2012).
2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер университеті, Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді.
«Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының» атқарушы директоры.
Марапаттары
2004 ж. - Астанада өткен «Ауылым - алтын бесігім» атты Республикалық айтыста І орын; 2008 ж. - Алматы облысы Алакөл ауданының 80 жылдығына орай өткен Республикалық айтыста І-орын; 2008 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында өткен Республикалық айтыста Бас жүлде; 2010 ж. - Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысында арнайы жүлде; 2011 ж. - «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты Халықаралық айтыста жүлделі ІІ орын; 2013 ж. - Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Текті сөздің төресі – терме» атты Республикалық байқауда ІІ орын иеленген.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар өмірі мен шығармашылығы, Еркебулан Абилханулы Кайназар биография омирбаяны акпарат малимет, Еркебулан Абилханулы Кайназар биография на казахском языке, Еркебұлан Әбілханұлы Қайназар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]