Өмірбаян: Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова
Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар.
Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.
Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған.
Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады
Жанболат пен Жазира қалай танысты?
Жанболат пен Жазира Алматы қаласында эстрада-цирк колледжінде оқып жүріп танысқан. Ол кезде әнші небәрі 16 жаста болған. Екі жылдан кейін алып қашқан күйеуі ешуақытта "қызым бол, біз жүрейік" деп сөз салмаған. Тек сабақтан шығып кетіп бара жатқанда үнемі қатар жүріп қалатын жағдайлар жиі кездескен екен. Бастапқыда бұл сәйкестік болар деп көп мән бермеген. Жанболат Жазираға жатақханаға екі аялдама қалғанда автобустан түсіп, жаяу жүруді ұсынатын болған екен.
"Кешке "Сен кішкентай қызсың ғой. Далаға серуендеп келгің келмей ме? Саған көп нәрсе үйрету керек" деп Жанболат маған ағалық қамқорлығын көрсетіп жүрді. Осылайша екеуіміз бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Ешуақытта бас салып, "жігітің болайын" деп айтқан емес. Бауыр бастық, дос болдық, достығымыз шынайы махаббатқа ұласты", — деді Жазира Байырбекова.
Көп ұзамай Жанболат Ербатыров сүйіктісін өз туыстарына ескертпей алып қашады. Дәлірек айтсақ, Жазирамен келісіп, екеуі бірге қашып барады. Қос ғашық ол заманда алып қашу дәстүрінің сәнде болғанын, ешкімнің де ұзату той жасамағанын айтады.
"Жанболаттай қара жігітті ауылдан таппадың ба?"
Жазира Байырбекова әке-шешесінің ерте тұрмысқа шығуына рұқсат бермейтінін біліп, Алматы қаласында тұратын әжесіне бата сұрап барады. Бірақ, әжесіне тек гәстрөлдік сапарға кетіп бара жатқанын айтып алдайды. Ал Жанболат Ербатыров осы уақытта үйге кіруге батпай есіктің алдында күтіп тұрады. Себебі, әншінің айтуынша, оны әжесі оқтаумен қуып шығуы мүмкін болған.
"Аралға артымнан келгендер "Осындай қара жігітті ауылдан таппай қалдың ба?" деп айтты. Неше түрлі күлкілі сөздер болды. Жалпы бұл жағдай Жанболаттың туыстары үшін де жаңалық болды", — деді әнші.
Расымен де, Жанболат Ербатыровтың туыстары ол кезде келін түсіруге дайын болмаған. Анасы бастапқыда аң-таң болып, кейін келінінің маңдайынан сүйіп үйге кіргізеді. Әнші қайын жұртының осы сәтте аса қуанбағанын айтады. Сондай-ақ, ол енесінің қатал адам болғанын жеткізді. Көршілері де осылай айтқан-ды.
Әнші енесімен неге ренжісті?
Бүгінде Жазира Байырбекова сүйіктісінің анасы өзін толықтай өзгерткенін жасырмайды. Алғашқы күннен бастап күйеуіне қарсы сөйлемеуге, үлкен кісілердің бетіне тік қарамауға үйреткен екен. Кейде, тіпті, туыстарына ренжіген Жазира Байырбекова тамақ ішпей отырып қалатын болған.
"Ұрысқан кездер болды. Қазір менің сол кездегі қылықтарым ұрысатындай емес деп ойлаймын. Бірақ сондай қиын заман болып кетті. Енем мені заманға сай етіп, сарбаздай ширатқысы келген сияқты", — деді әнші.
Үйдегі барлық шаруаға араласқанымен, сиыр саумағанын айтады. Бұдан өзге қос әнші отбасылық өмірдің бастапқы уақытында қызғаныш сезімі болғанын жасырмайды. Жазира Байырбекова мұны өзінің аңғалдығымен байланыстырады. Десе де, қазір ол әйел адам қандай жағдай болмасын қызғанбауы керек деген пікірде.
"Гәстрөлдік сапармен ауыл-ауылды аралап жүрген кезде су тасып, баласын көтеріп бара жатқан түрлі әйел көретінмін. Іштей "Қай келіншек сияқты болады екенмін? Кімге келіншек болады екенмін?" деп ойлайтынмын. Бала кезімнен сол келіншек болуды ойлап келгенмін. Ал сахна, танымалдылық және карьера туралы мүлдем ой болмаған", — деді ол......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: