Өмірбаян: Ернар Айдар (1991 жылы 13 наурыз)
Ернар Айдар – қазақ эстрадасының жас жұлдызы, Өзбекстанның Навои облысында 1991 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әнші Ернар Айдардың балалық арманы оны биік белестерге жетеледі. Заңгер мамандығына оқуға түссе де, қолы қалт еткен уақытта өнер академиясын жағалап, дыбыс жазу студияларын аралады. Інісінің бойындағы Алла берген талантын ағасы әрі продюсері Талғат Айдар байқап, барынша қолдау көрсетті. Осылайша әнші 22 жасында өнер әлеміне қадам басады.
Ернардың алғашқы әні әкесіне арналған. "Асыл әке" әнін жас талантқа өнердегі ұстазы Қуаныш Құрманбаев ұсынған. Ернар Айдар бұл әнді алғаш рет әкесінің туған күнінде шырқады. Араға біраз уақыт салып, Қуаныш Құрманбаев Ернарды белгілі композитор Бауыржан Есебаевпен таныстырады. Сазгердің "Жарығым-ай" әні жас жұлдыздың бағын ашқан туынды болды. Ән бірден хитке айналып, тыңдармандардың жүрегіне жол тапты. "Күнім, сен сөнбеші" әні де халықтың сүйіп тыңдайтын әндерінің біріне айналды.
Қазіргі таңда Ернардың ән қоржынында бірнеше музыкалық альбом мен он шақты бейнебаян бар. Оның үстіне жас дарын өнерге келгеніне аз уақыт бола да, Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, мыңға жуық концерт беріп үлгерді.
Бала күнінен Тоқтар Серіков, Досымжан Таңатаров, "МузАрт", "Нұр-Мұқасан" топтарының әндерін тыңдап, соларға еліктеп өсті.
Әншінің өнердегі кумирі – Мейрамбек Беспаев.
Өмір үшін күрес
2017 жылдың көктемінде әншінің тыңдармандарын есеңгіреткен жантүршігерлік жол апаты болды. Сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні Ернар Айдар мінген көлік Шымкент-Алматы тас жолында апатқа ұшыраған. Жол апаты салдарынан әншінің омыртқасы сынып, жансақтау бөліміне түсті. Алматыдағы ауруханаларының бірінде эстрада жұлдызына ота жасалды.
Аурухана төсегінен тұрып, сахнаға қайта оралу үшін әншіге емдеу курсынан өтуге тура келді. Жол апатынан кейін Ернар жаңа шабыт, жаңа күшпен шығармашылыққа қайта оралды. Қырыққа жуық жаңа ән жазып, екі музыкалық альбом шығарды.
Қайрат Нұртасқа "ұқсағаны" үшін сөзге қалған әнші.
Сахнаға алғаш шығып, хит әндерімен таныла бастаған Ернар Айдарды Қайрат Нұртасқа ұқсатып, оған еліктейді деп сынап-мінегендер көп болды. Ел арасында Ернар Айдардың көпшілікке танылуына бұл ұқсастықтың да ықпалы тиді деген әңгіме айтылды. Тіпті Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да Ернардың күлкісі, сахнадағы тағзымы Қайраттікінен аумайды деп ренішін білдірген еді. Алайда жас әнші ел арасындағы әңгіменің бәрін қаңқу сөзге балап, биік белестерге жету жолында өнердегі ұстаздарының сіңірген еңбегі орасан зор екенін айтты.
"Мені тәрбиелеу үшін ұстаздарым студияда ұйықтамай, талай таңды атырды. Тіпті әнді дұрыс жеткізе алмаған тұста жанарымнан жас аққан кездерім де есімде. Осы жолда күйіп, жанып жұмыс істеген ұстаздарымның еңбегін жоққа шығарып, танылуыма Қайрат Нұртастың ықпалы тиді десем, бұл өзімнің өнеріме деген қиянатым болар еді", — деген еді ол сұқбаттарының бірінде.
Әнші өнер әлеміне Қайрат Нұртаспен жарысу үшін емес, өз талантын көрсетуге келгенін айтқан болатын. Тыңдармандарынан әнші екеуін салыстырмауды да өтінген еді.
Ернар Айдардың отбасы
Әнші 26 жасында шаңырақ көтерді. Эстрада жұлдызының жүрегін жаулаған ару – Мәдина есімді Тараздың қызы. Ернар болашақ жарымен ән кештерінің бірінде танысыпты.
Қос ғашықтың үйлену тойы өткен жылдың тамызында Таразда өтті. Жас әнші тыңдармандарымен өміріндегі қуанышты оқиға туралы бөліскісі келмегенге ұқсайды, тойға келген қонақтардан әлеуметтік желілерге сурет салмауды өтінген. Алайда әншінің отау тіккені көп ұзамай дүйім жұртқа жария болды. Кейінірек Ернардың өзі де әлеуметтік желідегі парақшасына жұбайымен бірге түскен суретін жариялап, халыққа өмірлік серігін таныстырды.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: