Өмірбаян: Орда тобы

Өмірбаян: Орда тобы

Орда — қазақстандық музыкалық топ. Топ алғаш рет "Бауыржан шоу" театрының құрамында ағайынды отбасылар Беделхан және Оразбековтердің қосылып ән айтуымен көріне бастады.
Топтың тарихы
Топ атауы 2001 жылдың 1-ші сәуірінде күні дүниеге келеді. Оған дейін ВИА болып жүрген олар, эпизодтық ролдерде ойнап, театрдың музыкалық және би қойылымдарында ғана шыққан. Сол кезден бастап, топтың хореографиялық қойылымдары үшін Ерболат Беделхан жауап берген. Онымен бірге Жанболат және Есболат інілері билесе, Дастан халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын. Ал Рүстем театр қабырғасында ашылған актерлік шеберлік студиясының түлегі болып шыға келді.
Жігіттер алғаш рет 9-шы мамыр күні Република сарайында өткен концертте өнер көрсетеді. Дәл сол уақытта "Белгісіз жан", "Махаббатым" әндері шығарылып, жазылады. Кейін ағайындылар театрдың барлық музыкалық және би қойылымдары үшін жауап береді.
2002 жылы "Бауыржан шоу" театрынан бөлініп, жекелей кәсіби әнші-биші топ ретінде шығармашылық жұмыстарын бастайды. Өте келе бұл шешімдерінің дұрыс екендігін уақыт дәлелдеп береді. Сол жылы барлық хит-парадтардың бірінші орынадарынан көрінген "Кеш мені" әні дүниеге келеді.
2003 ж. «Орда» өзінің алғашқы клипін түсіру үшін Ташкент қаласына барады. Себебі, сол кезде көпшілік Қазақстандық бейнебаяндар "Өзбекфильмнің" павильондарында түсірілетін. Түсіру жұмыстарын өзбек режиссеры Бахадыр Юлдашев жүргізеді. Бейнесаз бірден, чарттардың жоғары орындарынан көрініп, радио және телеарналардағы хит-парадтардың алдын бастайды. Сол кезде ән 24 апта бойы көшбасшы орнын ешкімге берген емес. Ол жылдары топ бәсекелестері ретінде "Бангор" тобы мен Ділназ Ахмадиевалар ғана болған. Еш продюсері, қолдаушысы, материалдық қоры жоқ топтың осындай деңгейге көтерілуі сәттілік деп қана түсіндіре аламыз. "Кеш мені" әні шыққаннан кейін Алуа Қонарова есімді продюсер топқа деген қызғушылығын таныта бастайды. Жаңа продюсер топтың танымалдылығын арттыру үшін жұмыс істей бастайды. Түрлі сапарлар мен гастрольдер сол кезде ұйымдастырылады. Көрермендер жігіттердің шынайы талантын бағалап, олардың өзіндік сахналық образының бар екендігіне көздері жетеді.
2004 ж. «Орда» "Бангормен" танысып, өздерінің жеке студияларын аша бастайды. Дәл осы студияда топтың бірінші күйтабағына кірген әндер жазылады. Сол жылы 16-жасар Жанарға ұсыныс жасап, “Meaning of the life” атты ағылшын тіліндегі алғашқы әндерінің мәтінін жаздыртады. Ән бейнебаяның ресейлік режиссер Дмитрий Коробко түсіреді. Бұл әнді жазу барысында топқа әртістер арасында жақсы таныс Бағым көмектеседі.
2005 ж. Шымкент қаласындағы аншлагпен өткен концерттен кейін "Шымкент пиво" компаниясының басшысы өз қызығушылығын көрсетеді. Бұдан кейін Тоқтар Жүсіпұлы Түлешев "Орда" тобының ресми продюсері атанады. Ол жылы Алматылық студиядағы жұмыстармен қатар, альбомның Мәскеуде жазылуы жөніндегі келіс-сөздер жүргізіледі. Сол кезде коммерциялық өлеңдерді жазу мен орындау жөніндегі ұсыныстар ресейліктер тарапынан көп түсетін. Бірақ, біз бас тартып жүрдік. Араға бір жыл салып, альбомды жазу жұмыстары Мәскеудегі “Music records“ студиясында басталып кетті.
2007 ж. топ орындаушылары Лондондағы қазақ диаспорасының шақыруымен өзінің шоу-бағдарламасымен тұманды альбионға жол тартады. Сонымен қатар, питерлік режиссер К.Черепковпен түсірілген “Jam on” атты және режиссер Д.Захаровтың мәскеуде түсірген "Қилы заман" атты бейнесаздары шығады. Ордалықтардың "Не покидай" әні "Еуропа +" радиосы жүргізетін хит-парадының жеңімпазы атанады. “Easton records“пен серіктестік жұмыстары басталады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Орда туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Орда өмірі мен шығармашылығы, Орда биография омирбаяны акпарат малимет, Орда биография на казахском языке, Орда

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]