Өмірбаян: Алашұлы тобы
Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ мүшелері:
Атаханов Берік,
Рахмет Мақсат,
Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group
Топ мақсаты
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.
Топтың құрамындағы әндер
Топтың репертуарында «Қара жорға», «Жарапазан», «Махамбеттің жыры», «Ақтанның термесі», «Отан», «Елім менің» сынды ұлттық нақыштағы 10 шақты ән бар. Роза Рымбаевамен дуэт болып орындаған «Туған елім» әні де халықтың жүрегіне жол тартып үлгерді. Жігіттер ең алғаш топ болып құрылғанда тойларға шығып жүріп, тырнақтап жиған қаржыларына өз күштерімен «Жарапазан» әніне клип түсірген екен. Кейін продюсерлерінің арқасында оның саны екеуге ұлғайып, «Ақтанның термесі» мен «Елім менің» әндеріне де бейнебаян түсірілді. Этно-топтың репертуарында Әлібек Серғалиевтың сөзіне жазылған «Біздің қыздар» әні де бар. 2014 жылы "Угай" әніне бейнеклип түсірілді. Топ репертаураы:
"Батырлар ұраны"
"Угәй"
"Қара шаңырақ"
"Жүрегің Қазақ"
"Шетелдегі Бауырға"
"Далам -ай"
"Ауыл-бай"
"Махамбет"
"Тұраным"
"Жекпе-Жек"
"Ару -қыздар"
"Бізбен Бірге"
"ПАЙ-ПАЙ-ПАЙ"
"Елім менің"
"Ауыл БАЙ"
"Қазақпын"
"Көкпар"
"Алға"
"Биіктік"
Жетістіктері
2012 жыл топ үшін табысты болды. Ең алдымен продюсерлік компаниямен келісім-шартқа отырды. Содан кейін жұлдызды шақтары басталып, «Саз әлемінде» бақтарын сынады, «Ду қол шоколад!» сынды көптеген телебағдарламаларда өнерлерін көрсетті, «Жарайсыңда» сұхбат беріп, еліміздегі ең танымал журнал «Жұлдыздар отбасының» алғашқы бетіне шықты.
"Алашұлы" 2009жылы негізі қаланып, халықаралық деңгейде ел намысын қорғап жүрген этно топ. Алашұлы тобы осыған дейін "Дала даусы" радиофестивалінде "Үздік этно топ", "Саз әлемі" телевизиялық жобасында "Үздік топ" номинацияларының иегерлері, "Turkvision" халықаралық түркітілдес халықтар фестивалінің финалисті, "Астана жұлдызы. Ұлттық музыкалық бәйге" үздігі, "Ұлы дала даусы" фестивалінің финалистері, " Этно World Music Show" фестиваліне Қазақстан атынан қатысты және жыл сайынғы "Жыл таңдауы" номинациясының жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар, 2011-2016 жылдар аралығында Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Башқұрстан, Республикаларына қазақ өнерін танытып келсе, Туркия және Индия республикасында жеке шығармашылық кештерін берген.
2011 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы "Наурыз мерекесі" шарасында өнер көрсетті.
2013 жылы Индия Республикасы, Дэли қаласында жеке шығармашылық кеш берді.
2014 жылы Туркия Республикасы, Стамбул қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнне орай жеке шығармашылық кеш берді. Сочи қаласында өткен қысқы Олимпиадада Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсетті.
2015жылы Башқұрстан Мемлекеті, Уфа қаласында өткен" Этно World Music Show"халықаралық фестивальінде Қазақстан намысын қорғады.
2016жылы Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласында "Дубай күні" мерекелік шарасына Қазақстан Республикасының атынан жеке шығармашылық кеш берді. Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласында жеке шығармашылық кеш берді.
2017 жылы "GAKKU entertaiment" ұйымдастырған "Гәкку даусы" фестивальінде өнер көрсетті. Алматы қаласы, Республика сарайында "Бізбен бірге" атты жеке шығармашылық кеш өткізді.
2018жылы Қазақстан Республикасының астанасы, Нұр Сұлтан қаласында " +35" атты жеке шығармашылық кеш өткізді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: