Өмірбаян: Әбдіжаппар Әлқожа (1992 жылы)
Әбдіжаппар Әлқожа 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың кенжесі бала күнінен әнге құмар боп өседі. 6-сыныпта оқып жүргенде туған әпкесі Роза Әлқожа Әбдіжаппарды Алматыда ұйымдастырылған «Әнші болғым келеді» концертіне қатыстырады. Бұл Әбдіжаппардың Республика сарайының сахнасына алғашқы шығу еді.
Әбдіжаппар 9-сыныпты бітірген соң, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің «эстрада және вокал» бөліміне құжат тапсырмақшы болады. Алайда, бұл мамандыққа оның жасы жетпегендіктен, «актерлік шеберлік» мамандығына түседі.
Әнші 2011 жылы әпкесі Розаның алғашқы жеке шығармашылық кешінде сонымен бірге «Ақ тілек», «Иман келтіру» әндерін орындап, сахнаға шықты. Осы қадамнан кейін ол өзінің жеке әндерін жаздыра бастады. Ал, былтыр Республика сарайында өзінің жеке концертін өткізді.
Шыны керек, алғашында тыңдарман қауым әншіні тек «Роза Әлқожаның інісі» деп қабылдады. Тіпті қазірдің өзінде оның репертуарындағы әндерін білгенмен, өзін танымайтын тыңдармандар көп екен. Бұл туралы әншінің өзі «әнімді таниды, бірақ, өзімді танымайды» деп қалжыңдайды. Әбдіжаппар өзінің халыққа танылуына Роза әпкесінің себепші болғанын әрдайым айтып жүреді. «Менің қазірге дейін жеткен жетістігім тек қана өз еңбегімнің арқасы дей алмаймын. Өйткені осы күні халық мені Әбдіжаппар Әлқожа деп таныса, ол Роза әпкемнің арқасында деп ойлаймын. Ол мені ылғи жеке концерттерінен қалдырмай, әндеріме үнемі аранжировка жасатып береді. Өзі ұнатып тұрған ән болса да маған ұсынып, ақылын айтып отырады. Қазір өзім де жұмыс істеп, әпкеме салмақ салмайтындай деңгейге жеткендеймін. Әпкем болмаса өнерде көрінбей қалуым да мүмкін еді. Өйткені, өзім арманыма қол жеткізу үшін өздігімнен әрекет жасамайтынмын. Мақсатқа жету үшін де талпыныс керек екен ғой. Оның бәрін енді түсіндім» дейді ол бір сұхбатында.
Әбдіжаппарды халыққа алғаш танытқан ән «Жолданбаған хат» еді. Қазір оның репертуарында «Тәтті ару», «Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек?», «Әке-ана», «Париж, Дубай, Лондон», «Жалғыз жапырақ», «Байланыстағы қыз», «Ұрланған ән», «Мадам», «Не істедім», «Алданып қалма», «Сүйген жүрек», «Хабарласпа» және т.б. әндер бар. «Ұрланған ән» демекші, әншінің қоржынында ұрланған бірнеше түрік әні бар. Әнші бұл мәселеге өзі шырқайтын ән мәтінінде «Кінәлай алмайды мені ешкім, Шетелден ән алған мен ғана емеспін» деп жауап береді.
Әбдіжаппар бала күнінен брейк-данс билеп өскендіктен, осы хоббиін әлі күнге дейін тастамапты. Одан бөлек, домбыра тартқанды ұнатады, пародия өнеріне жақындығы бар. Тойға әнші ретінде де, асаба ретінде де жиі шақырылады. Жақын арада сазгерлік қырымен де танылып қалуы бек мүмкін. Сондай-ақ, Әбдіжаппар реті келсе, киноға түсуді де жоспарлап жүр екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: