Өмірбаян: Айгерім Қалаубаева (1985 жылы)
Әйгерім Қалаубаева 1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматыдағы А.В.Селезнев атындағы хореография училищесін үздік бітірген. Кішкентайынан сахнаға биші ретінде шыққанымен, Әйгерім әнші болуды армандапты. Ол хореографиялық училищені бітірген соң, анасының ақылымен өнерден алыстау мамандықты таңдаған. Сөйтіп, Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді тәмәмдады.
Экономика саласының маманы болғанымен, Әйгерім мамандығы бойынша жұмыс істеген жоқ. Еңбек жолын «Хабар» телеарнасындағы «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламаларында бастап, көрерменге ерке қыздың рөлі арқылы танылды.
Әйгерім Қалаубаеваның ертеректе хит болған әндері деп «Жылайды жапырақ» пен «Ертегілерді» айтуға болады. Әсіресе, «Ертегілер» кішкентай бүлдіршіндер сүйіп тыңдайтын ерекше әнге айналды. Сондай-ақ, оның репертуарындағы «Алдаймын», «Көңілді күн» әндері де ғаламторда көп тыңдалады, жиі жүктеледі.
Әйгерімнің «балет бишісі» мамандығын игергендігі оған сахнада ерекше көмектеседі. Көптеген әріптестері халық алдына шыққанда тек қақиып тұрып, ән шырқаумен шектелсе, Әйгерім, керісінше, сахнаға әр шыққан сайын шағын спектакль қояды. Сондай-ақ, ол өзге әншілердің шығармашылық кештеріне арнайы би қояды. Бүгінде өзінің кәсіби бишілерден құралған жеке би ансамблі де бар. Бұл ансамбль түрлі телевизиялық жобалар мен концерттерге қатысады.
Жан-жақты әншінің тағы бір қыры – тігіншілігі. Училищеде оқып жүргенде, сахналық костюм тіктіруге мүмкіндігі болмаған Әйгерім алғашқы көйлегін бастан-аяқ өзі тігіп шыққан екен. Содан кейін тек өзіне емес, ансамбліндегі бишілерге де костюм тігуді қолға алған. Қазір гастрольдік сапар, шығармашылығы ізденісі көбейгендіктен, сахналық көйлектерін дизайнерлерге сеніп тапсырған. Алайда, олардың да жобасын тігіншілерге өзі сызып береді.
Әйгерім – өте еңбекқор әртіс. Екі баласын дүниеге әкелген соң, біраз уақыт өнерден алыстап кеткен ол қатарға қайта қосылу үшін жанталасып еңбектенді. Бірнеше әндеріне бейнебаян түсіріп, Ернар Айдар, Нұрлан Әлімжанов, Серікбол Сайлаубек секілді әншілермен дуэт жаздырды. Соңғы жылдар бедерінде Әйгерімнің репертуары «Ойламашы», «Сағынбаймын», «Спорт», «Тәуелсіз қазақтың қызымын», «Әкеме айтшы, мама!» және тағы басқа әндермен толықты.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: