Өмірбаян: Нұрлан Өнербаев (1961 жылы 4 қараша)
Нұрлан Өнербаев 1961 жылы 4 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келген. Ол өнер жолын театр әртісі ретінде бастағанын тыңдармандардың көпшілігі біле бермейді. М. Әуезов атындағы драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірген жас актер әкемтеатрда 10 жылға жуық уақыт қызмет етіп, 15 шақты қойылымда ірілі-ұсақты рөлдерде ойнады. Театрда жүрген кезінде ән айтуға ден қояды. 1984 жылы сахнаға алғаш ән айтып шыққан әншінің бүгінде 300-ге жуық әні бар. Олардың арасында «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндері, сондай-ақ халық әндері «Дудар-ай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндері халық арасында жақсы танылды.
Нұрлан Өнербаев – ғажайып қоңыр дауыстың иесі. Тыңдармандар оның гитарамен шырқайтын лирикалық әндерін сүйсіне тыңдайды. Әсіресе, әншінің орындауындағы Н. Тілендиевтің «Құстар әні», Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», М. Құсайыновтың «Сұлулық», К. Дүйсекеевтің «Қарағым-ай» әндері – жұртшылықтың айрықша ықыласына бөленген әндер. Сондай-ақ, осыдан 10-15 жыл бұрын жарыққа шыққан «Ай да, күн де» әні Өнербаевтың бағына біткен хит туынды болды.
Нұрлан Әлтайұлы өмір бойы жауапты қызметтерде істеп келеді. Ол әр жылдары Қазақ радиосының дикторы, «Қазақстан телерадиокорпорациясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының бас директоры, музыка мектебінің директоры қызметтерін атқарды. 1996-1998 жылдары «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі, 1998-2002 жылдары республикалық Президент оркестрінің әншісі болды. 2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ең бастысы, Нұрлан Әлтайұлы қай салада жүрсе де, шығармашылықтан қол үзген жоқ. Гастрольдік сапармен Түркия, Италия, Франция, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерін аралады. Ол әр жылдары Иманғали Тасмағамбетов, Талғат Мұсабаев, Серік Қонақбаев сынды танымал азаматтармен қосылып ән шырқады. Әсіресе, ел есінде Нұрлан Өнербаев пен ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ғарыш пен жердің арасын жалғап айтқан «Көзімнің қарасы» әні ерекше сақталып қалды.
Қазір Нұрлан Әлтайұлының Парламенттегі депутаттық мерзімі аяқталған. Бұрын көп уақытын жұмысқа арнап, сахнадан жырақтап кеткен ол енді өзінің жеке шығармашылығына қайта ден қоя бастады. Облыс-облысты аралап концерт қойып, гастрольдетіп жүр. Жылдар бойы сахнадан көрінбей кеткен қоңыр дауысты сүйікті әншісімен жұртшылық жақында «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Сәлем, Қазақстан!» бағдарламасы арқылы қайта қауышты. Өнербаев енді ел алдында үлкен есеп беру кешін берсем деп жоспарлап жүр. Ол концерт жақын уақытта Алматыдағы не Астанадағы үлкен концерт залдарының бірінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Гүлжамал Қазақбаева Мұқажанқызы (1949 жылы 7 ақпан)
» Өмірбаян: Саят Медеуов Қабылұлы (1973 жылы 7 қараша)
» Өмірбаян: Нұрлан Әлімжанов Баянғалиұлы (1984 жылы 29 сәуір)
» Өмірбаян: Мұрат Ахманов Ноянбайұлы (1959 жылы 1 маусым)
» Өмірбаян: Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазан)

Іздеп көріңіз: