Өмірбаян: Қайып Айнабеков (1885 жылы)
Қайып Айнабеков халық ортасынан шыққан, көрнекті талант иесі, ақын. Қ.Айнабеков 1885 жылы Нұра өзенінің жағалауындағы Кеңқия аулында (қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Көгілдір селосы) кедей шаруаның отбасында туды. Әкесі Айнабек Қайыптың қаршадайында қайтыс болған. Ержетіңкіреп еңбекке жарағанға дейін Қайып нағашылырының қолында тәрбиеленеді. Кейін олардан бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіп, күн көрген. Қазақ даласындағы қалың кедейдің сол кездегі шеккен азабын, тұрмыстың ауыр жүгін Қайып та бірге арқаласып, басынан бірге өткізеді. Тек Ұлы Октябрь социалистік революциясының арқасында ғана ақын азат өмір құшағына еніп, еркін еңбекке беріледі. Кейін ол әр түрлі әлеуметтік қызметтерге қатынасады. Орталық Қазақстанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене араласа отырып, Қайып 1920 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне кіреді. Саяси шаруашылық мекемелерінде жұмыс істейді. Ауылда мектеп ашып, жас ұрпақтарға білім беру ісіне жіті ат салысады. Қайып ұзақ уақыт бойы Қарағанды қаласында тұрған.
Қоғамдық тіршілік пен әдебиет ісіне белсенді қатысқаны үшін халық Қайып Айнабековты Қарағанды қалалық, облыстық Советтеріне көп жылдар депутат етіп сайлап, зор құрмет көрсеткен. Еңбекшілердің білдірген бұл сенімін Қайып қалтқысыз зор абыроймен ақтап отырған. Ақынның "1941–1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы тұсындағы еңбектегі ерлігі үшін" медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Советінің грамотасымен марапатталуы, 1943 жылы Қазақстан совет жазушылар одағының мүшесі болып алынуы сол елеулі еңбектің нәтижесі еді. Жас кезінде-ақ Қайып өлең, әңгіме-ертегі, жырға әуес болады. Жастық, достық жайында өлең шығарып дағдыланған ақын бірте-бірте ширап, жетіле береді. Сөйтіп, өлең Қайып өмірінің өрнекті өзегіне айналады.
Қ.Айнабеков ақындық жолға ерте түскенімен өлең жазуға машықтанып, өлеңді шын мәнінде өнер деп тануы 1907 жылдардың тұсы. Сол кезде шығарылған "Сұлу қызға жазған хат", "Сұлудан жауап" сияқты лирикалық қысқа өлеңдерінің біздің дәуірімізге жетуі мұның айқын дәлелі. Қайып "Жастардың жазғы ойынға бару түрі", "Ойынның ішкі көрінісі" секілді ойын-сауықты тамашалайтын өлеңдерін 1914 жылдары шығарған.
Ақын творчестволық жолын осылай көңіл-күйі, махаббат лирикаларын жазудан бастағанымен, бірте-бірте әлеуметтік мәні бар мәселелерге ауысады. Қайып ендігі жерде жоқшылықтың зарын, тұрмыстың тауқыметін, таршылығын тартқан қазақ еңбекшілерін жырына қосады. Үстем тап өкілдерінің елді жегідей жеген әр түрлі зұлымдық ниет, арам пиғылдарын, келіссіз іс-әрекеттерін ащы масқылмен ашына түйрейді.
Қ.Айнабеков Октябрьдің жеңісін, Қазақстанда совет өкіметі орнауын өз көзімен көріп, оны жыр өзегі еткен ақындардың бірі. Ол ескіні ертеден есінде сақтаған, жаңаның жалынды жаршысы болған ақын. Жиырмасыншы жылдары Қайып қазақ кедейлеріне бостандық әперіп, әйелдерді еркін теңдікке жеткізген Совет өкіметі туралы толып жатқан өлең, жырлар шығарады. "Өмірді ұқсату", "Тану", "Жұмсау", "Азат құс", "Үндеу", "Кедейлерге", "Әйелдерге", "Тілеу ниетім", "Қазақстанның мүшелеріне" секілді т.б. ақын туындылары осы кезеңнің үлесіне жатады.
Қайып шығармашылығындағы еңбек тақырыбы
Қайып қашан да болса халықпен, қалың бұқарамен тығыз байланыста болды. Осы тұрғыдан алғанда еңбек тақырыбы – Қайып творчествосындағы сүбелі тақырыптардың бірі. Ақынның "Лавада", "Шахтерміз", "Қарағанды сәлемі", "Қарағанды", "Көмір", "Шахтерлер серті", "Шахтер сөзі" т.б. көптеген өлең, жырлары осы тақырыпқа арналған. Қайып Айнабековтың ақындық үгітшілік өнері Ұлы Отан соғысы жылдарында да ерекше көзге түсті. Еліміздің ұл, қыздарын әділет жолында қолына қару алып қанды соғысқа аттанған кезде Қайып та өзін партияның қарт солдатымын деп санап, жауға қарсы құлшына үн көтерген халық талантарының алдыңғы сапында болды. Оның осы отты жылдарында, қаһарлы күндерінде, қиын-қыстау, сын сағатта айтқан өлеңдері, дарынды да жалынды жырлары "Жауынгерлерге", "Майданға хат", "Қызыл флот" т.б. жауға мір оғындай болып қадалады Жау тізесін тез бүктіру үшін тыл еңбекшілерін ерлік еңбекке шақырады.
Қайып - айтыс ақыны
Қ.Айнабеков сонымен бірге айтыс ақыны. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген игілікті істерге белсене араласқан. Қарағанды ақындарының 1943 жылғы алғашқы айтысын бастаған осы Қайып болатын. Ақынның осындай еңбегін академик-жазушымыз Ғ. Мүсірепов дер кезінде жоғары бағалады: "Айтыс–ақындар қатарын молайта түсуге де, екшеуге де жол ашып отыр. Бұл күнге дейін қалтарыста қалған Қ.Айнабеков сияқты ақындарымыз Қарағанды айтыстарының үстінде өздерін жұртқа көрсете алды, өсіп те қалды. Басқа реттерде көптің бірі сияқты болып жүрген ақындардың ішінде шаршы топқа түскенде құлаштай алатындары барлығы да сол айтыстарда көрінеді. Шашубайға төтеп бере алған Көшен, іргелі ақын Сәби мен Ілиясты жеңген Қайып бұл айтыстарға дейін көріне алмай, елеусіз жүріп еді",–деп жазған. Бұл айтыс дәстүрі кейінгі жылдарда да жалғаса берген. Қайып 1947 жылы екінші рет Көшен Елеуовпен, Ілияс Манкинмен айтысқа түсіп тағы да жеңіп шыққан. Қ.Айнабеков сонымен бірге қазақтың ерте кездегі ауыз әдебиет нұсқаларын, мақал-мәтелдерін, аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздерін жадында көп сақтаған жыршы, әңгімеші де. Қайып–халық таныған қарт ақындарымыздың бірі. Оның артында сонша бай болмағанмен біраз әдеби мұра қалды. Сол үшін де ақын есімі халық жадында ұзақ сақталмақ.
Абаймен қарым-қатынасы
Жас кезінен Абай өлеңдерін жаттап өсіп, ел арасына насихаттаған. 1929 жылдан өмірінің соңына дейін Қарағанды қаласыннда тұрып, кеншілер мен жұмысшылардың еңбек тынысын жырлады. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске арналған «Аманкелді» дастанын, «Қолаң», «Алып туралы аңыз» дастандарын, «Әбдірдің Нүркені», «Ер Төлеген» толғауларын жазады. Абайға арнаған «Ұмытпаймыз Абайды» атты тұңғыш өлеңінде «Өзге ақыннан өзгеше», Сөз нақысын тереді. Мәнісін түзеп мәнерлеп, Безендіріп береді» деп жұмбақтай келе, «Мөлдір, тұнық лайсыз, Тұңғиық ойдың тереңі. Ашып айтшы қазақта «Айтулы ақын кім еді?» деп сауал қойып, «Қиялы ұшқыр, ойы өткір Ақын Абай емес пе?», «Сөз майына бал қосып, Тамсандырған талайды. Дәмі тәтті, дәні асыл. Ұмытпаймыз Абайды» деген жыр жолдары арқылы Абайдың ақындық талантын жоғары бағалап биікке көтереді «Таңдағанда қазақтың ақындарын» деген елеңінде де ұлы ақын бейнесіне қайта оралып, «Абай атын атаймыз, ең алдымен. Таңдағанда қазақтың ақындарын» деп, Абайды қазақ поэзиясының биік шыңы ретінде бейнелейді. Айнабековтің қай өлеңінен болсын Абай ізін айқын байқауға болады. «Босқа еткізіп бос қалма», «Жолдастарға», «Орыс тілін жете біл», «Баланы жастан», «Егісте», «Қыс келді» өлеңдері Абай өлеңдерінің үлгісімен жазылған. «Ер Төлеген» толғау өлеңі Абайдың «Әбдірахманға» өлеңімен үндес. Айнабековтің өз мақал-мәтелдерінен Абайдың ғақлия сөздеріне үндестік байқалады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: