Өмірбаян: Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазан)
Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған) — актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1992). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006). Парасат және Достық ордендерінің иегері.
1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер иниституты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева
1970 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына студент кезінде алынды. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін осы театрда қызмет етеді.
1993 - 2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Бейсенбай (Қ.Мұқашевтың “Дала дастанында”), Арыстан (Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындасында”), Бақтығұл (Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығында), Мырзахмет (Т.Ахтановтың “Жоғалған досында”), Демесін (Д.Исабековтің “Кішкентай ауылында”), Көтібар, Сырым (М.Әуезовтің “Айман — Шолпан” мен “Қарагөзінде”), Жалмұхан (ұ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысында”), Абылай хан (Ә.Кекілбаевтың “Абылай ханында”, М.Байсеркеновтің “Абылайдың ақырғы күндерінде”), Әбутәліп (Ш.Айтматовтың “ұасырдан да ұзақ күнінде”), т.б. рөлдерді сомдады. Бұл рөлдерде Ж. ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Ж. еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист (“Отқа оранған Орал”), Тәңірберген (“Қан мен тер”), Әбілқайыр (“Жаушы”), Оразмерген (“Ақырғы аманат”), Болат (“Тарғыл қауын”), Әзімхан (“Қаралы сұлу”), Қайырхан (“Отырардың күйреуі”), Құнанбай (“Жас Абай”) бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. “Отырардың күйреуі” фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемл. сыйл. лауреаты атанды (1992). Ж. режиссер ретінде К.Гоццидің “Турандот ханшайым”, М.ұапаровтың “Тұзды шөл”, Қ.Шахимарданның “Томирис” пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманғы отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты.
Білімі
1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер иниституты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева.
Еңбек жолы
1970 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.
1979 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "актерлік шеберлік" тен сабақ береді.
Тамаша ойын-сауық отауында да өнер көрсетті.
1993-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік кеңесінің төрағасы.
"Қазақстан Театр Қайраткерлері" одағының төрағасы.
Марапаттары
2015 - Достық ордені (ІІ дәрежелі)
2008 - Парасат ордені
1992 - Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты
1992 - Қазақстанның халық әртісі
1982 - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ ССР)
1980 - Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006)
Байзақ ауданының құрметті азаматы (2005)
ҚР көптеген мерекелік медалдарымен президенттің жеке алғыс хаттарымен марапатталған
Өнертану ғылымдарының канидиаты, профессор (құрметті ғылыми атағы)
ҚР Білім беру ісінің Үздігі
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Өмірбаян: Гүлжамал Қазақбаева Мұқажанқызы (1949 жылы 7 ақпан)
» Өмірбаян: Ғазиза Әбдінәбиева (1948 жылы 3 қаңтар)
» Өмірбаян: Ерлан Біләл Әбділдаұлы (1971 жылы 23 ақпан)
» Өмірбаян: Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)
» Өмірбаян: Тілектес Мейрамов Уахитұлы (1948 жылы 5 мамыр)

Іздеп көріңіз: