Өмірбаян: Тайжан Қалмағамбетов (1878 - 1938)
Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 1938, сонда) - ақын. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына арнау өлең-жыр шығарған.
1916 жыл ы ұлт - азаттық козғалысқа үн қосып , Амангелді сарбаздарын жырлады. Қазан төңкерісінен кейін жаңа кұрылысқа , Жезқазған , Қарағаңды , Қарсақбай сияқты өңдіріс ошақтарына өлең, жыр арнады. 1926 жылы Шеген, 1930 - 36 жылдары Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А.В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934 - 36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиетімен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылған. Қалмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("Қазақтың 1000 әні", 1925; "Пернедегі термелер", 1965) жарияланған. "Ой ағысы" өлеңдер мен айтыстарының жинағы 1984 жылы жарық көрген.
Өмірбаяны
1879 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы Айыртау бөктерінің Қаратал деген елді мекенінде дүниеге келді. Ақынның әкесі Қалмағамбет елге сыйлы, Ұлытау төңірегіне беделді болып, молдалық құрған тақуа адам. Анасы Мейіз қазақтың ұлы сазгері, әйгілі "Гәкку" әнінің авторы, сыршыл ақын, қайталанбас әнші Үкілі Ыбырайдың туған әпкесі. Тайжан - суырып салма ақын. Жастайынан ән-жырға, шешендік сөзге әуес болған. Алғашқы өлеңдерінде ауыл адамдары арасындағы қайшылықтар, оқиғалар жырланады. Ақындық атыншығарған өлеңі – "Сегізден бастап сенделдім" (1892). Өз тұсындағы көптеген ақындармен айтысқан. "Октябрь құдіреті", "Дем алдым салқындап", "Мен қайттым Мәскеу барып", т.с.с. өлеңдерінде кеңестік өмірді жырға қосады. К.Алтайскийдің аудармасымен ақынның бірнеше шығармасы "Правда", "Известия" газеттерінде жарияланған. Сарыарқаның дүлдүлі, Ұлытаудың бұлбұлы, Қарсақпайдың ақыны Тайжанның ерекше дәуірлеген кезі 1934 жылдан басталады, сол жылы республикалық көркемөнерпаздар құрылтайында ең биік дәрежеге жетті. Топқа түссе шашасына шаң жұқтырмай өткен өнер иесі – Тайжан 1936 жылы Мәскеуде Қазақстанның өткен онкүндігіне қатысып, қазақ өнерінің мәртебесін көтерген көрнекті қайраткерлердің бірі. Тайжан ақын қазақтың үш жүзіне де танымал асқан әнші, ақын, сазгер болып қалыптасты. Тек аумалы-төкпелі заманда, 1937 жылы халық жауы атанып, ұсталып, нақақтан атылып кетті. Тайжан Қарсақпай поселкесіндегі түрмеде қабырғаға жаза берген өлеңдерін сол бөлмеге келіп қамалған бір туысы жазып алып, өзі түрмеден босағасын жиналған жұрт ортасында ақынның осы туындысын оқып отырғанда "біреу" қолынан жұлып алып, отқа салып жіберген көрінеді. Өлең өте ұзақ. Соның 1-2 шумағы ғана сақталған. Қуғын-сүргінге ұшыраған сонау қандыбалақ 1937 жылдан 1958 жылы Хрущевтың "жылымығы" жеткенше Тайжан "халық жауы" атанды, аты аталудан, еңбегін ел көруден қалды, туған-туыстары қуғын-сүргінге ұшырады. Тек 1970 жылдардан бастап ақынның асыл бейнесін айқын сипаттауға жол ашылды. 1972 жылы жас талапкер филолог Шамқан Қыстауұлы Рахметов Тайжан поэзиясы тақырыбына диплом жұмысын қорғады. Тайжан айтқан өлең-жырлары көбінесе ауызекі қалпында айтқан, тек өнерсүйгіш қауым, ақынның жанашырлары жаттап алып, ұрпақтан-ұрпаққа шығармаларының біраз бөлігін жеткізген. Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері К.Салықовтың құрастыруымен 2004 жылы Алматыдағы "Қазығұрт" баспасынан Т.Қалмағамбетұлының "Сақ-сақ күлсін сырнайым" атты жинағы жарыққа шықты. Сонымен қатар Алматыдағы "Үш қиян" баспасынан К.Салықовтың "Ақын Тайжан" атты кітабы шықты. Бұл екі кітап Тайжан Қалмағамбетұлының 125 жылдық мерейтойына арналған.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: