Өмірбаян: Нұрлан Оразалин Мырқасымұлы (1947 жылы 13 маусым)

Өмірбаян: Нұрлан Оразалин Мырқасымұлы (1947 жылы 13 маусым)

Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген.
1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді.
1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген.
1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді.
1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.
1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды.
1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды.
1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді.
1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды).
1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары.
1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.
1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды.
2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды.
Қазіргі Республикадағы Жазушылар Ұйымын басқарады.

Шығармашылығы
Нұрлан Оразалин қаламынан ондаған көркем дүниелер туды. Ер жылдарда "Беймаза көңіл", "Көктем көші", "Жетінші құрлық", "Азаматқа аманат", "Қүралайдың салқыны", "Ғасырмен қоштасу", "Сырнайлы шақ" атты жыр жинақтары мен "Азаматтық айдыны" атты көркем публицистикалық-эссе толғаулар кітабы жарық көрді. Сондай-ақ Нұрлан Оразалиннің қаламынан туған "Шырақжанған тун", "Тас киіктер", "Аққүс туралы аңыз" ("Бойтүмар"), "Қарымта", "Қилы заман", (М.Әуезовтың аттас шығармасының ізімен жазылған), "Бастықтың бір күні", "Қарақазан ғасыр", "Көктемнің соңғы кеші" тәрізді драмалық шығармалары көп жылдар бойы Қазақстан театрларында табыспен жүріп, теле-радио спектакльдерінің арқауына айналды.
Нұрлан Оразалин орыс жазушысы Г.Свиридовтың "Жанкешті сапар" романын, үнді классигі Р.Тагордың "Пошта", қалмақдраматургі А.Балақаевтың" Ана жүрегі", әзірбайжан драматургі Р.Гейдардың "Бір ендіктің тынысы", неміс драматургы Х.Каллаудың "Зәйтүн толы қүмыра", белорус драматургы А.Петрашкевичтің "Дабыл" пьесаларын қазақшаға аударды.
"Шырақ жанған тун", "Аққүс туралы аңыз" пьесалары орыс, қырғыз тілдеріне аударылып, өлеңдері орыс, украин, болгар, түрік, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды.
Ақынның "Шырақ жанған түн", "Аққүс туралы аңыз" пьесалары орыс, украин, молдаван, қырғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды. Нұрлан Оразалин еліміздің саяси, мәдени, өміріне қоян-қолтықараласып келеді. Стамбүл қаласындағы Еуразия Қорының түрақты мүшесі, Қор қасынан шығатын "ДА" ("Диалог Авразия") журналының алқа мүшесі. Ол, сондай-ақ, Мәскеу қаласындағы Жазушылар Үйымдарының Халықаралық Қауымдастығы төрағасының орынбасары, Халықаралық Әдеби Қордың теңтөрағасы, Орта Азия халықтары Мәдени Ассамблеясының Вице-Президенті.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин өмірі мен шығармашылығы, Нурлан Мыркасымулы Оразалин биография омирбаяны акпарат малимет, Нурлан Мыркасымулы Оразалин биография на казахском языке, Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]