Өмірбаян: Нияз сері Бекдәулетұлы (1818 - 1893)

Өмірбаян: Нияз сері Бекдәулетұлы (1818 - 1893)

Нияз сері Бекдәулетұлы (сәуір 1818, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Гүлтөбе қонысы – қараша 1893, Ресей, Түмен губерниясы Қосқарағай орманы) – ақын, сазгер.

Біржан сал ұстаз тұтқан.
Әкесі Бекдәулет егін егіп, құсбегілікпен айналысқан.
Болашақ сері әуелі ауылдағы Қожаберген-Асқан, 1824 – 30 ж. Болатынай, 1830 – 34 ж. Қызылжар медреселерінде оқып, өз ортасында білімді адам саналған.
Досы Сегіз серінің Ресей отаршыларына қарсы қақтығыстарында қолына қару алып, қайрат көрсеткен.
Күрескер ақын Ресей үкіметі тарапынан қудалауға ұшырап, 1857 жылдан кейінгі өмірін Түмен губерниясында өткізді.

Шығармашылығы
Нияз сері ел ішінде әнші, ақындығымен танылған. Оның жас кезінде шығарған

“Аққұм”
“Іңкәр” әндері халық арасына кең тараған.
Атақты “Нияз” әнінде Сегіз серінің ерлік істері мен өнерін
“Сегіз сері – Патшайым” атты көлемді дастанында оның махаббатын жырға қосады.
Сазгердің “Нияз” әні “Қазақтың 200 әні”(1972) жинағына
“Балқурай”
“Гүлдерайым”
“Жариям-айдай”
“Жеңешем-ай”
“Ой көк”әндері “Қазақ әндері антологиясының” бірінші кітабына (1991 ж.) енген.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Нияз сері Бекдәулетұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Нияз сері Бекдәулетұлы өмірі мен шығармашылығы, Нияз сери Бекдаулетулы биография омирбаяны акпарат малимет, Нияз сери Бекдаулетулы биография на казахском языке, Нияз сері Бекдәулетұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]