Өмірбаян: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921)

Өмірбаян: Мәди Алшынбаев (1880 - 1921)

Мәди Алшынбаев (1880 — 1921) жж. - арқалы ақын, әнші, композитор.

Өмірбаяны
1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Арғы атам — өулие еткен Ер Қазыбек, Бекболат — оның үлы болыпты бек. Тіленші — одан туған абзал шері, Қарадан хан боп туған бәрі асыл тек.

Атамыз одан кейін Алшынбайды,
Аруағынан естіген жан қалшылдайды.
Атағы Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.
Сүрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі Бауыр-Бошан арасында,
Жаралған артық болып асыл затым,
—деп өзінің бекзадалық болмысын, Алашты билеген алыс-жақынға сөзі өткен асылдардың тұқымы екенін жария еткен. Ғазиз басы отарлықтың озбырлығына көнбеген күрескер тұлға. Болашақ сазгердің балалық шағы әсем табиғат аясында өтеді. Алғашқы өлеңдерінің тақырыбы туған жер, шетсіз де шексіз кең дала болуы кездейсоқ емес. Мәди адуынды әжесі Алшынбай атасының тоқалы Үлжанның бауырында ерке болып ержетіп өскен. Мәдиді бала кезінде әкесінің ағасы Қақабай қатты еркелеткен. Бес жасынан бастап Қожабек медресесіндегі Ысқақ ишанға оқуға береді. Ӏске қабілетті, талантты бала зерек те болып, етіне таяқ тигізбей жақсы оқыпты. Мөди есейе келе Қақабай атасына қарасты мал-мүлікті еркін жұмсай береді. Дүние үшін ағайын арасы кырбай болып, Қақабай Мөдидің жас кезінде атастырған қалыңдығынан айнып, берген малын қайтарып алады. Осылайша, өлді ағаның озбырлығына қара күшпен жауап берген Мәди қимылын малды туыстар өрескел көріп, өтірік шындықты жала жауып, істі қылып жібереді. Жергілікті жуандармен үстасқан Мәдидің батыл қимылдары мен өткір өлеңдері, асқақ әндері отаршыл озбырлардың да зәре-құтын үшырып, олар еркіндікті насихаттайтын, жаны азаттыққа құштар жеке батырды жазалауға құлшына кіріседі. Үстем тап өкілдерінің "ұры" деген жалған жаласымен Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде болады. Малды агайынның әлімжеттігі салдарынан зәбір көріп, пұшайман болған халін:

Қара нан қыжылдатып жүрек кесіп,
Жатасың жамбасыңды тақтай тесіп...
Бит, бүрге, қандаласы қанды сорып,
Қасынып, түнде ұйқы жоқ, жанды қорып,
— деген өлең жолдарына арқау етеді түтқындағы батыр.

Мәди өмірі мен шығармашылығын зерттеушілердің көпшілік назарына ұсынған деректеріне Караганда әнші 25 жасынан бастап бірнеше мәрте қуғын- сүргінге түсіп, абақтыға қамалып, жер аударылып, кең даланың "сайынан саяқ құрлы сая таппай", қашқын атанады. Ақынның композиторлық шығармашылығының өрістеген шагы, атагы шыгып, ел аузында батыр атанганы да осы кез деп шамаланады.

1915 жылы Мәди түрмеден қашып шығады. Бұл кезде оның әндері халыққа тарап кеткен еді. Мәди жөнінде талай аңыздар да айтыла бастаған. Атқамінер жандайшаптардан жасырынып, үзақ уақыт туған жерге ат ізін сала алмайды. "Шіркін-ай" өні осы кезде туған.
1916 жылы ол ол еліне оралады.
1917 жылы болыс билеушісі Айтқожа Теміржанов Мәдиді "жылқы ұрлады, түрмеден қашты" деп айыптап, тағы да түрмеге жөнелтеді. Қазан төңкерісін Мәди Қарқаралы абақтысында отырып қарсы алады.
Замана дауылы соғып, аласапыран өзгерістерге толы дәуірде дүниеге келіп, қамшы сабындай келте ғүмыры сүргінде өткен Мәдидің әніне тұңғыш рет ғылыми бага беріп, нотаға түсірген А.В. Затаевич. Мәдидің әрбір әнінен оның тәкаппар тұлғасы, Сарыарқаның сайын даласындай кең тынысы, шексіз тереңдігі аңқып тұрады. Философиялық толғамы сүлу сазымен жараса өрілген "Ұшқара" таудан аққан тас бүлақтай шымыр, гауһардай жарқылдаган "Шіркін-ай" кез келген композитор "менің әнім осындай болса ғой" деп армандайтындай шығармалар. "Қарқаралының өн бойында автордың шебер шеғіне симайтын, азаттыққа қүштарлықпен өткен азапты ғұмырының барлық болмысы көрініс берген. Бір өзі бір операға арқау болатындай шығарма "Қара кесек" өнінің орны тіпті бөлек. Қазақ музыка өнерін теориялық түрғыдан негіздеуші, академик Ахмет Жүбанов аталған әнге төмендегідей баға берген:

"Мәдидің "Қара кесегі" бүкіл қазақ халқының өнүраны десе болғандай. Мәдидің қазақ перзенті үшін орны бөлектігі де осындай үлы шығармалар тудырған қайталанбас талантында.

Адамзат сапарының тарихында ұлттың рухани әлемінде өшпес із қалдырып, құйрықты жұлдыздай ағып өткен ерекше түлғалардың бірі Мәди деп сеніммен айтамыз. Қазақ музыка өнерінде есімі Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мүса, Естай, Балуан Шолақтармен қатар түратын зор талант иесі. Мәдидің өміршең әндері Сарыарқаның сары беліндегі Қоянды жәрмеңкесінен бастау алып, байтақ еліміздің, алые жақын шет елдердің әлемдік биік сахналарынан шырқалуда.

Шығармашылығы
"Шіркін-ай",
"Ұшқара",
"Қара кесек" (кейбірісі)

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Мәди Алшынбаев туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Мәди Алшынбаев өмірі мен шығармашылығы, Мади Алшынбаев биография омирбаяны акпарат малимет, Мади Алшынбаев биография на казахском языке, Мәди Алшынбаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]