Өмірбаян: Салтанат Бақаева Ермекқызы (1987 жылы 24 қыркүйек)
Салтанат Ермекқызы Бақаева (1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының иегері (2015).
Салтанат Ермекқызы 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Талғарда дүниеге келген.
2005 -2009 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетін Қазақ ССРнің Еңбегі сіңген артисі, профессор Рахилям Машурованың және Қазақстанның Халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. Соңғы курста Қазақ ССРнің халық артисі, Мемлекеттік сыйлық иегері Роза Рымбаевадан дәріс алған.
2009 жылдан "Арнау" эстрадалық дуэтінің әншісі.
2010 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында: Медеу Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Айнагүл (реж: О.Кенебаев), У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Джульетта (реж. О.Салимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Татьяна (реж. Е.Обаев), М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Зүбәржат (реж. О.Кенебаев), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» қойылымында немере қыз, И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» Айгүл (реж. Е. Обаев), М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Оксана (реж. О. Кенебаев), Н. Оразалиннің «Шырақ жанған түнінде» қыз (реж.Н.Жақыпбай), Ғ. Есімнің «Таңсұлуында» Таңсұлу, Т.Уильямстың «Шыны хайуанатында» Лаура (реж. А.Қабдешова) және т.б көптеген рөлдерде ойнайды.
2009 жылдан Нұржан Керменбаевпен қосыла "Арнау" дуэтінде ән шырқайды. Республика жұртшылығына осы дуэті арқылы кеңінен танылған. "Егіз Лебіз", "Махаббат жыры", жеке орындауында: "Жарығым", "Алматы" әндерімен көпшілік көзайымына айналған танымал эстрада әншісі.
Марапаттары
2015 жылы театрдағы рөлдері үшін Қазақстан Жастар Одағы "Серпер" сыйлығының лауреаты атанды.
2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталды.
2017 жылы 8 наурыз мерекесі қарсаңында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Көктем шуағы" деп аталатын жыл сайынғы қабылдауында болды.
Отбасы
Тұрмысқа шыққан. 1 ұл, 1 қыз баласы бар.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: