Өмірбаян: Алтынай Жорабаева Құлажанқызы (1978 жылы 28 қазан)

Өмірбаян: Алтынай Жорабаева Құлажанқызы (1978 жылы 28 қазан)

Алтынай Құлажанқызы Жорабаева (1978 жылы 28 қазанда ОҚО Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында туған) — танымал эстрада әншісі. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004). Төле би ауданының құрметті азаматы (2013). Құрмет орденінің иегері (2017).

Алтынай Құлажанқызы 1978 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Бейнеткеш ауылында дүниеге келген.
1995 жылы 1 мамыр орта мектебін тәмамдап, Қожа Аxмет Яссауи атындағы ХҚТУ, өнер факультетіне оқуға түседі. Университетті 1999 жылы бітіріп, аталған университетте 2 жыл мұғалімдік қызметін атқарады.
Алтынай Жорабаева үлкен сахнаға алғаш рет 1997 жылы шығып, облыстық «Арай» байқауында жүлдегер, ал республикалық «Жас қанат-97» байқауында дипломант атанған. Одан кейін де орындаушылық шеберлігін үздіксіз ұштау арқасында 2001 жылы Алматыдағы ХІІ Халықаралық «Азия дауысы» байқауында, 2004 жылы Болгарияның Варна қаласындағы ХІІ Халықаралық «Discovery» байқауында, 2005 жылы Мысырдың Каир қаласындағы ІІ Халықаралық «Александрия» ән байқауында лауреат болды. 2003 жылы Белоруссияда ХІІ Халықаралық «Славян базары» байқауында дипломант, 2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында V Халықаралық «Янтарь жұлдызы» байқауында бас жүлде (Гран-При) және 2005 жылы АҚШ-тағы Голливудта өткен орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс медальды иеленді.
Алтынай Жорабаеваның алғашқы аудио альбомы 2002 жылы «Арманыма ғашықпын» деген атпен шыққан болатын. Ал «Өмір- өзен» атты алғашқы жеке концерті 2004 жылы «Қазығұрт» өнер орталығының ұйымдастыруымен Алматыдағы Республика сарайында өтті. «Жүрші сәулем ауылға», «Елімнің жүрегі-Астана» деген үнтаспа альбомдары мен «Өмір-өзен» атты бейнетаспа альбомы жарыққа шықты.
2014 жылы Астана қаласында « Қазақстаным алға» атты концертін өткізді.

Жетістіктері
2001 жылы Х-шы Халықаралық «Азия Дауысы» фестивалінің лауреаты. Қазақстан
2003 жылы Халықаралық «Славянский базар» фестивалінің дипломанты. Витебск
2004 жылы Болгарияда өткен VIII Халықаралық «Дискавери» байқауының лауреаты
2004 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен «Янтарьная звезда» ән байқауының бас жүлдегері.
2005 жылы Египетте өткен «Александрия» ән байқауының лауреаты
2005 жылы Орындаушылық шеберліктің әлем чемпионатының екі алтын, екі күміс медалінің иегері. АҚШ, Голливуд

Марапаттары
2004 - ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері
2006 - Елбасының жарлығымен 28 жасында "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2008 - Қазығұрт ауданының құрметті азаматы
2013 - Төле би ауданының құрметті азаматы
2016 - Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат Құрмет орденімен марапатталды.
2016 - ТМД елдерінің "Мәдениет пен өнердің дамуына сіңірген еңбегі үшін" алтын медалімен марапаталды. (ТМД).

Отбасы
Жұбайы (ажырасқан) - актер, Ғабит Мүсірепов театрының директоры, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері Сәбит Әбдіқалықов
4 қызы бар.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Алтынай Құлажанқызы Жорабаева туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Алтынай Құлажанқызы Жорабаева өмірі мен шығармашылығы, Алтынай Кулажанкызы Жорабаева биография омирбаяны акпарат малимет, Алтынай Кулажанкызы Жорабаева биография на казахском языке, Алтынай Құлажанқызы Жорабаева

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]